ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Қандай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға...

Қандай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға 5% ҚҚС салынады?

Медицина 19.01.2026, 09:46 200
Қандай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға  5% ҚҚС салынады?
Сурет: Gov.kz
Үкімет 2025 жылғы 31 желтоқсанда бекіткен сатуға және импортқа байланысты салық салынатын айналымға ҚҚС мөлшерлемесі қолданылатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, олардың жинақтаушы...

Үкімет 2025 жылғы 31 желтоқсанда бекіткен сатуға және импортқа байланысты салық салынатын айналымға ҚҚС мөлшерлемесі қолданылатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, олардың жинақтаушы бөлшектерінің, сондай-ақ техникалық қосалқы құралдардың тізбесіне  енгізілген тауарларға ҚҚС мөлшерлемесі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5%, ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10% көлемінде қолданылады.

Тізбеге Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының (ЕАЭО СЭҚ ТН) кодтары көрсетілген 242 тауарлық позиция енгізілген.

Атап айтқанда, тізбе мынадай негізгі тауар топтарын қамтиды:

ет және тағамдық ет өнімдері мен субөнімдер;
басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген жануар текті өнімдер;
ұн-жарма өнеркәсібінің өнімдері, уыт, крахмал, инулин, бидай клейковинасы;
майлы дақылдардың тұқымдары мен жемістері, өзге де тұқымдар, дәндер, дәрілік және техникалық мақсаттағы өсімдіктер, сабан мен мал азығы;
табиғи тазартылмаған шеллак, камедьтер, шайырлар және өсімдік шырындары мен экстракттары;
жануар немесе өсімдік текті майлар мен май өнімдері, дайын тағамдық майлар, балауыздар;
қант және қанттан жасалған кондитерлік өнімдер;
какао және какао өнімдері;
түрлі тағам өнімдері;
алкогольді және алкогольсіз сусындар, сірке суы;
тұз, күкірт, жер мен тас, әк, цемент және сылақ материалдары;
бейорганикалық және органикалық химия өнімдері, оның ішінде бағалы және сирек жер металдарының, радиоактивті элементтер мен изотоптардың қосылыстары;
фармацевтикалық өнімдер;
тыңайтқыштар;
бояғыш және илеу экстракттары, бояулар, лактар, полиграфиялық бояулар, сия мен тушь;
эфир майлары, парфюмериялық, косметикалық және гигиеналық құралдар;
сабын, жуғыш заттар, майлау материалдары, жасанды және дайын балауыздар, тазалау және жылтырату құралдары, стоматологиялық балауыздар мен құрамдар;
ақуызды заттар, модификацияланған крахмалдар, желімдер, ферменттер;
фото және кино тауарлары;
өзге де химиялық өнімдер;
пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар;
каучук, резеңке және резеңке бұйымдар;
өңделмеген терілер (табиғи аң терісінен басқа) және былғары;
қағаз, картон және олардан жасалған бұйымдар;
мақта;
киіз, фетр және тоқыма емес материалдар, жіптер, арқан-жіп бұйымдары;
трикотаждан және трикотажсыз тігілген киімдер мен киімге арналған бұйымдар;
өзге дайын тоқыма бұйымдары, жиынтықтар, пайдаланылған киімдер мен тоқыма бұйымдары;
тас, гипс, цемент, асбест, слюда және ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар және басқа да тауарлар.

Тізбеге берілген ескертпеде көрсетілгендей, аталған ҚҚС мөлшерлемелері мынадай шарттар орындалған жағдайда қолданылады:

фармацевтикалық немесе медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы немесе медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізуге қатысты қызметтің басталғаны не тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдау жөніндегі талонның болуы;
дәрілік заттардың Қазақстан Республикасының аумағында тіркелуі;
тіркелмеген дәрілік заттарды импорттау кезінде тиісті рұқсат құжатының болуы;
тауарлардың мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттардың болуы.
Аталған қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.