AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қандай дәрілер ең көп сатылады: таңбалау жүйесінің...

Қандай дәрілер ең көп сатылады: таңбалау жүйесінің алғашқы нәтижесі

Медицина 24.03.2026, 10:36 276 dulatbekova
Қандай дәрілер ең көп сатылады: таңбалау жүйесінің алғашқы нәтижесі
Сурет: Gov.kz

2024 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда барлық дәрілік заттарды міндетті цифрлық таңбалау енгізілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Таңбалау және тауарлардың қадағалануының бірыңғай операторының жүйесі тұтынушылық сұранысты нақты уақыт режимінде тіркеуге мүмкіндік береді.

Талдау таңбаланған дәрілік заттардың сатылымын қамтиды және маусымдық ерекшеліктерге байланысты тұтынушылық сұранысты объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Сатылым бойынша көшбасшы, жылдың басқа кезеңдеріндегі сияқты, этил спирті болды – 4,1 млн бірлік таңбаланған өнім сатылған. Екінші орында натрий хлориді – 2,1 млн бірлік. Үздік үштікке қызу түсіретін парацетамол препараты кірді – 1,75 млн бірлік.

Таңбаланған дәрілік заттар арасындағы сатылым бойынша төртінші орында ацетилсалицил қышқылы – 1,5 млн-нан астам бірлік. Бестікті мұрын бітелуі кезінде қолданылатын тамыр тарылтқыш препарат – нафазолин қорытындылайды.

Сұранысқа ие препараттардың қатарында Цитрамон П бар – 1,23 млн-нан астам бірлік. Сондай-ақ ТОП-10 тізіміне меновазин – 897 мың, тұмау мен суық тиюге қарсы ТераФлю, белсендірілген көмір – 636 мың және фурацилин – 623 мың сатылған дәрілік зат кірді.

«Таңбалау жүйесі әрбір дәрілік препараттың қаптамасының қозғалысын өндірушіден бастап түпкі тұтынушыға дейін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Ұсынылған статистика дәріханалардағы бөлшек сауданы нақты көрсетеді. Сонымен қатар, таңбалау жүйесі әрбір препараттың түпнұсқа екенін және заңды айналымның толық жолынан өткенін кепілдейді», — деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Цифрлық таңбалау шеңберінде әрбір дәрілік препараттың қаптамасына бірегей Data Matrix коды беріледі. Тұтынушы, дәріхана немесе тексеруші орган Naqty Onim мобильдік қосымшасы арқылы препараттың түпнұсқалығын бірден тексере алады. Бұл заңды тауар айналымы шеңберінде жалған дәрілерді сатуды техникалық тұрғыдан мүмкін емес етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрілер #таңбалау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);