AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қанат Бозымбаев зардап шеккен азаматтардың хал-жағ...

Қанат Бозымбаев зардап шеккен азаматтардың хал-жағдайын сұрады

Әлеумет 16.01.2022, 04:25 1,659
Қанат Бозымбаев зардап шеккен азаматтардың хал-жағдайын сұрады
Cурет: Алматы облысы әкімдігі

Бүлік кезінде 114 адам зардап шеккен


Бүгін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Талдықорған қалалық көп салалы ауруханаға барып, бүлік кезінде зардап шеккен азаматтардың денсаулық жағдайын білді, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қанат Бозымбаев жараланған қарапайым азаматтармен және күштік құрылымдар өкілдерімен тілдесті. Қызметтік міндеттерін адал орындап, қайсарлық пен батырлықтың үлгісін көрсеткендері үшін әскери мамандарға алғыс білдірді. Олардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты.



«Ең бастысы - денсаулық. Сіздердің аяқтан тұрып кетулеріңізге барлық жағдайды жасаудамыз. Қажет болса басқа қалалардан тиісті мамандарды шақыртамыз. Тиісті ем шараларын толық қабылдап, тезірек сауығып шығуларыңызға тілектеспін», - деді Қанат Бозымбаев.



Талдықорған қалалық көп салалы аурухананың директоры Жұмахан Молдағұловтың айтуынша, бұл мекемеге зардап шеккен 114 адам жүгініп, оның 25-і ауруханаға жатқызылған. Қалғандарына тиісті амбулаториялық ем жасалған. Күрделі кезеңде ауруханада дәрігерлердің күшейтілген бригадасы жұмыс істеп, зардап шеккендерге жоғары деңгейде медициналық көмек көрсетілді.



«Бүгінгі күні ауруханаға түскен 25 адамның 15-і жазылып шықты. Операция жасалған 10 адам оңалту ем шараларын қабылдауда. Олардың денсаулығы бірте-бірте түзеліп келеді», - деді Ж.Молдағұлов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бүлік #Талдықорған #Бозымбаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);