ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қанат Әуесбай: Референдум өткізу «Құлақ асатын мем...

Қанат Әуесбай: Референдум өткізу «Құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай келеді

Әлеумет 30.04.2022, 14:27 1,453
Қанат Әуесбай: Референдум өткізу «Құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай келеді
Cурет: Egemen.kz
Халықаралық «Қазақ» тілі қоғамының астаналық филиалы төрағасы Қанат Әуесбай Мемлекет басшысының Конституцияға енетін өзгерістер бойынша референдум өткізу туралы ұсынысына пікір айтты, деп...

Халықаралық «Қазақ» тілі қоғамының астаналық филиалы төрағасы Қанат Әуесбай Мемлекет басшысының Конституцияға енетін өзгерістер бойынша референдум өткізу туралы ұсынысына пікір айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaquni.kz-ке сілтеме жасап.



«Президент айтқан Конституцияға енетін өзгерістер бойынша референдум өтетіні туралы жаңалықты ықыластана тыңдадық. Ең алдымен референдум халықтың ой еркін айқын білдіруге зор мүмкіндік деп білемін. Төте демократияның даңғыл жолы осы болмақ. Соңғы рет референдумның елімізде 17 жыл бұрын өткені есте. Ол тұстағы Қазақстандағы саяси парадигма мүлде басқа еді. Ендігі жерде конституцияға енетін өзгерістер жаңа саяси реформалардың бастауы болмақ. «Екінші республиканың» мәнін осы тұрғыдан іздеген абзал. Бір айта кетері, Ата заңға енетін 33 өзгерістің әрқайсын алдымен қоғам талқысына салып, әбден илеуден өткізіп алу керек. Есесіне елдің көкейіндегісін тап басқан өзгерістерді халықтың қабылдауы да соғұрлым жеңіл болады деп есептеймін» – деді ол.



Оның сөзінше Ата заң реформасы билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтап, халықтың ел басқару ісіне қатысу құзырын кеңейтеді.



«Қазірдіің өзінде бұл өзгерістер мемлекеттік биліктің жүйелі түрдегі трансформациясы деп аталып кетті. Әзірге еліміздің конституциялық кеңесі бұл өзгерістерді қарастырып жатыр. Еліміздің саяси тарихындағы айшықты оқиға деп қабылдауға болатын мемлекет басшысының бастамасына «Жаңа Қазақстан» және «Құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына толық сай келеді» – дейді Қанат Әуесбай.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,265 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.