AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Қамқордағы» қамқорлық

«Қамқордағы» қамқорлық

Әлеумет 20.03.2024, 11:31 1,259 Айнабай Мәди
«Қамқордағы» қамқорлық
Сурет: Самат Құсайынов

№62 гимназияның 62 оқушысы Наурызды нақыштады


 «Қамқордың» әлеуметтік үйінің ерекшелігі, жалғызбасты зейнеткердің өз пәтері бар. Наурыз қарсаңында өткізілген шарада жанашыр жандар – кәсіби музыканттар, гимназия оқушылары келіп, ата-әжелеріне өнерін көрсетіп, сый-сияпатын жасап, қарттардың ризашылығына бөленіп, батасын алды.




«Қаламыздың Жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасына қарасты бұл әлеуметтік үй 2002 жылы ашылған. ТМД бойынша тек Мәскеуде ғана осындай «қарттар үйі» бар. Бұл нысан сол жобамен қолға алынған болатын.  Мұнда 74 пәтер бар. Соның 42 пәтерінде қариялар тұрып жатыр. Бүгін мұнда құттықтап келгендер -- өнерлі де өнерпаз топтар: «Алматы әуендер» компаниясына қарасты Мұрат Серкебаев басқаратын камералық аспаптық оркестрдің квартеті, №62 гимназияның өнерпаз-оқушылары. Оқушылар әуелете ән шырқап, мың бұрала биледі, өз өнерімен тәнті етті», -- деді «Қамқор» әлеуметтік үйінің директоры Тұрарбек Тұманшиев.



Ұлы Абайдың 14-қарасөзіне жүгінер болсақ, Наурыздың мән-маңызы түсінікті бола түсер. Наурыз адамзатқа рақымдылық пен мейірбандылық    әкелетін мереке. Мемлекет басшысының Наурыз мерекесін мазмұнды да мәнді өткізу тапсырмасымен «Наурызнама» онкүндігіне орай, «Қайырымдылық күнінде»  қарттар орналасқан әлеуметтік үйге келіп, шәкірттер өз өнерін көрсетті.




«Қазыналы қарттарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған Алмалы ауданындағы №62 гимназиядан 62 өнерпаз шәкірт Наурызды нақыштап, ән салып, би биледі. Мектебімізден «Мұрагер» оркестрі, «Наргиз» би тобы өнер көрсетуде. Бастауыш сыныптан жасақталған «Тәттілер» тобы да өнер көрсетуде.  Аталған оркестріміз, өнер топтары -- қалалық, республикалық өнер байқауларын айтпағанда, халықаралық конкурста да жүлде алған өнерпаздар. Қарияларға құрметіміз айрықша, әзірлеп алып келген тәттілерден дәм татқыздық», -- дейді Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназия директоры Мейрамгүл Нәбидоллақызы.



Қарттардың көңі-күйі керемет. Өнерлі жастар, балалар ән шырқады, күй төкті. «Ән – көңілдің ажары» ғой. Саз-әуеннің жанды жадырататыны бар.



«Мұнда бәрі жанға жайлы, жағдайымыз жақсы. Мерекелік көңіл-күй та-ма-ша!  Наурыз – жаңа жыл басы, береке-бірлік, татулықтың мерекесі. Бүгін өнер көрсеткен Мұрат Серкебаевтың жетекшілігіндегі камералық оркестрдің квартетіне, өнерпаз оқушыларға риза болдық. Әкімшіліктің бізге деген көңіл бөлуіне дән ризамыз. «Қамқорда» қамқорлыққа бөленудеміз», -- дейді әлеуметтік үйдің тұрғыны Зульфира апамыз. 




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қамқор #қамқорлық #62-мектеп #наурыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);