AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қалқаман қалалық ауруханасында интерндер тазалықшы...

Қалқаман қалалық ауруханасында интерндер тазалықшы қызметін атқара ма?

Заң мен тəртіп 19.01.2026, 12:20 945
Қалқаман қалалық ауруханасында интерндер тазалықшы қызметін атқара ма?
скриншот

Қалқаман ауруханасындағы интерндердің палата тазалауы желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматыдағы №1 Қалқаман қалалық ауруханасында практикадан өтіп жүрген интерн-қыздардың палата жинап жүрген сәті түсірілген видео Threads желісінде кеңінен тарап, қоғамның назарын аудартты.

Видеоны жариялаған Амангелдиева есімді қолданушының айтуынша, жас мамандарға негізгі медициналық жұмыстан бөлек, бір бөлменің шаңын күніне 2–3 рет сүрту сияқты міндеттер жүктелген. Ол сондай-ақ медқызметкердің интерндерге «шаңды дұрыс сүртіңдер» деп ескерту жасағанын жазады.

Жазба авторы мұны тәжірибеден өтушілерге көрсетілетін қысымның көрінісі деп бағалап, «интерндерді қорлауды тоқтату керек» деген пікір білдірген. Оның пайымынша, кейін дәрігерлердің практикалық дайындығы әлсіз деп шағымданатын қоғам, ең алдымен, интерндерді кәсіби дағдыға емес, қызмет көрсету жұмыстарына көбірек жұмсайтын ішкі тәртіптің салдарын ескеруі тиіс.

Сонымен бірге ол бұл жағдайдың Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде қаралғанын қалайды. Айтуынша, өзіне көрсетілген медициналық көмекке шағымы жоқ, тек практикадан өтушілерге қатысты талап пен тәртіп әділеттірек болғанын құп көреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#№1 Қалқаман қалалық ауруханасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);