Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қалдықтарды басқару саласындағы ынтымақтастық

Қалдықтарды басқару саласындағы ынтымақтастық

Әлеумет 26.01.2024, 13:40 1,189
Қалдықтарды басқару саласындағы ынтымақтастық
Сурет: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев Литва Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е. П. Эгидиюс Навикаспен кездесті.


Кездесу барысында Тараптар қалдықтарды басқару саласындағы ынтымақтастық және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-литва үкіметаралық комиссиясының алдағы 14-ші отырысын өткізу туралы пікір алмасты. Сондай-ақ, Литва тарапы сусындар бөтелкелері үшін депозиттерді қайтарудың (Deposite Refund System) нәтижелі технологиясын ұсынды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Е.Нысанбаев өз сөзінде атап өткендей, Қазақстан Экология және қоршаған ортаны қорғау саласында, атап айтқанда қалдықтарды басқару саласында озық тәжірибесі бар Литвамен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі.


Бүгінгі таңда Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті бағыттардың бірі коммуналдық қалдықтарды басқару болып табылады. 2030 жылға дейін қазақстандық тарап қайта өңдеу деңгейін 40% - ға дейін жеткізуді жоспарлайды.


Осыған байланысты, Париж келісімі шеңберінде, оның ішінде қалдықтар секторы бойынша шығарындыларды азайту жөніндегі Қазақстан міндеттемелерін ескере отырып, біз Литваның қалдықтарды басқару жүйесін жолға қою, атап айтқанда депозиттік-қайтару жүйесін дамыту жөніндегі тәжірибесін зерделеуге мүдделіміз.


Министр комиссия отырысы барысында Тарапдартың сарапшылары қалдықтарды басқару саласындағы жоғарыда аталған тәжірибені талқылай алатынын атап өтті.


Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар литвалық сарапшылардың Қазақстанға сапарын ұйымдастыру және мүдделі тараптардың кездесулерін өткізу арқылы осы мәселе бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қалдық #табиғат #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.