Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Қаланың тарихи орталығын сақтау»: Алматыда «Көк б...

«Қаланың тарихи орталығын сақтау»: Алматыда «Көк базарды» жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Әлеумет 07.12.2023, 10:58 928
«Қаланың тарихи орталығын сақтау»: Алматыда «Көк базарды» жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Базардың тарихи келбеті мен оның мәдени құндылығы сақталады


Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданын аралау барысында қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан қаланың көрнекті және көне орындарының бірі «Көк базарға» барды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 


Павильондарды жаңғырту 2023 жылдың шілдесінде басталды, оны 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге ҚазҚСҒЗИ зерттеу қорытындысы алынды. Қайта құру кезінде базар штаттық режимде жұмыс істеп тұрады. 



Мегаполистің орталық базар құрылымдарының қатты тозуына байланысты жаңғырту туралы шешім қабылданды. Қала басшысының тапсырмасымен жұмыс қорытындысы бойынша сатып алушылар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай мен сауданың заманауи форматына көшу мүмкіндігі жасалады. 


Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев Алматы әкіміне жобаны жүзеге асырудың кезеңдері мен перспективасы туралы баяндады. Осылайша, инженерлік желілерді қайта құру қарастырылған, қазірдің өзінде ол 40%-ға аяқталып, сауда алаңдары жаңғыртылып, кіреберісті күшейтіліп, жаңартылды. Сонымен қатар, Жібек Жолы көшесі жағынан іргелес аумақты абаттандыру жүргізіледі, жаңа қоғамдық кеңістік – қала тұрғындары үшін жаяу жүргіншілер аймағы пайда болады.



Ерболат Досаев «Көк базарды» жаңғыртуды жүргізу Мемлекет басшысының биыл Қазақстан халқына Жолдауына, анығы, орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша айтқан міндетіне сай келетінін атап өтті. 



«Көк базар – қаладағы ерекше орын. Мұнда тұрғындар мен қала қонақтары сауда жасауға келіп қана қоймай, оның ерекше атмосферасын сезінеді. Оның бұзбай сақтап, төбесі жабылған базар жасаған жөн. Бастысы ретке келтіру, бірақ «Көк базардың» қаланың мәдени меншігі және туристік орны болып қала беруі маңызды. Себебі Алматы «Көк базарсыз» – Алматы емес, сондықтан қаламыздың тарихи орталығын сақтауды сұраймын», - деді Ерболат Досаев.




Бұған дейін, 2017 жылы қала базарларын жаңғырту аясында «Көк базарда» құрылыс жұмыстары жүргізілді: ашық контейнерлік қатарлардың орнына ауданы 20 мың шаршы метр болатын жаңа «Қысқы павильон» салынды, оның жартысы сауда алаңына, екінші бөлігі 400 орындық екі деңгейлі автопаркингке бөлінді. Жобаға шамамен 2,5 млрд теңге қаржы жұмсалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көкбазар #тарих
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.