AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қаланың коммуналдық қызметтері мереке күндері күше...

Қаланың коммуналдық қызметтері мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады

Әлеумет 03.01.2022, 14:25 1,408
Қаланың коммуналдық қызметтері мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Мерекелік демалыс күндері қарсаңында қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейді. 31 желтоқсан мен 9 қаңтар аралығында жауапты тұлғалардың, жедел және жөндеу персоналының тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мереке күндері қалалық шаруашылық объектілері мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданды.
 
«Алматы Су» МКК ауысымына су құбыры-кәріз кешенінің 24 апаттық бригадасы мереке күндері тәулік бойы жұмыс істейді.
Барлық өрт гидранттары қосымша тексерілді.
 
Ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қою және мереке, демалыс күндері кезінде мүмкін болатын штаттан тыс жағдайлардың алдын алу және жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау мақсатында «АлЖЖ» ЖШС апаттық қызметтің тұрақты дайындығын қамтамасыз етті.


Жылу желілеріндегі зақымдарды жою үшін 7 пайдалану ауданы, 4 жөндеу-құрылыс учаскесі қосымша жұмылдырылатын болады.


Кәсіпорынның барлық кезекші құрамы жұмысқа жоғары дайындық режимінде кірісті.
 
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ кезекші бригадалардың тұрақты дайындығын қамтамасыз етті. Мереке күндері кезекшілікте 17 жедел-көшпелі бригада, сондай-ақ 3 дизельді жылжымалы электр станциясы болады. Барлық кезекші персонал жоғары дайындық режимі туралы танысып, нұсқаулықтан өтті.
 
Коммуналдық қызметтерді ұсынуда проблемалар туындаған жағдайда қалалық жедел қызметтердің мына телефондарына хабарласу қажет:
 
Жылумен және ыстық сумен жабдықтау:
Штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда (су, бу шығарындылары) өздігінше іс-әрекет жасамауды және орын алған оқиға туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ның апаттық-диспетчерлік қызметіне хабарлауды сұраймыз: +7 (727) 378-06-65.
 
Сумен жабдықтау және кәріз:
Егер Сіз су құбыры және кәріз желілеріндегі, судың ағуы немесе ашық құдықтардағы штаттан тыс жағдайдың куәсі болсаңыз, дереу «Алматы Су» МКК-ның тәулік бойы қызмет көрсететін диспетчерлік қызметіне хабарласыңыз: +7 (727) 274-66-66, +7-771-852-91-01.
Суық сумен жабдықтау және су бұрудың барлық мәселелері бойынша WhatsApp + 7 702 100 27 65 «сенім телефоны» жұмыс істейді.
 
Электрмен жабдықтау:
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның байланыс орталығы: +7 (727) 356-99-99.
 
1-АЭЖ:
268-60-71, 268-60-74
 
2-АЭЖ:
375-25-44, 375-02-25
 
3-АЭЖ:
385-45-27
 
4-АЭЖ:
242-65-63
 
5-АЭЖ:
375-04-69, 375-28-00
 
6-АЭЖ:
272-23-66, 272-24-32
 
7-АЭЖ:
268-02-40, 268-02-48
 
Газбен жабдықтау:
Газбен жабдықтауда проблемалар туындаған жағдайда 104 апаттық қызметіне хабарласу қажет.
 
Сыртқы жарықтандыру:
Көше шамдарының жарамсыз болу жағдайында «Алматы Қала Жарық» МКК диспетчерлік қызметіне хабарласу қажет: +7 (727) 300-75-42/41.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаңа жыл #Коммуналдық қызмет #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);