AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау 2023 / Қалалық ардагерлер кеңесінің үндеуі қабылданды

Қалалық ардагерлер кеңесінің үндеуі қабылданды

Жолдау 2023 27.09.2022, 07:18 1,986
Қалалық ардагерлер кеңесінің үндеуі қабылданды
Сурет: Akorda.kz

Жуырда Алматы қалалық ардагерлер кеңесі президиумының кеңейтілген отырысы өтіп, онда «Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудағы қалалық ардагерлер кеңесінің міндеттері туралы, Әуезов аудандық ардагерлер кеңесінің «Аманат» партиясы қалалық филиалымен бірлескен жұмысы туралы мәселелер қаралды, сонымен қатар қалалық ардагерлер кеңесі президиумының үндеуі қабылданды, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz


ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру шаралары туралы баяндамасында:



«Биылғы Жолдау азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған. Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ға, ең жоғары деңгейін 120%-ға дейін өсіру сияқты шаралар, сондай-ақ Мемлекет басшысының отбасын қолдауға бағытталған жаңа «Ұлттық қор  - балаларға» бағдарламасын дайындау туралы бастамасы қала ардагерлер қауымының мақұлдауы мен қолдауына ие болды», – деді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов.



ҚР Президентінің Жолдауын қолдап, Наурызбай және Түрксіб аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары Мәдениет Қаркенов пен Ғалия Байғұтдинова, «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Тұрарбек Тұманшиев сөз сөйледі.
Алматы қалалық ардагерлер кеңесі президиумының мүшелері 230 мың ардагердің атынан қазақстандықтар мен қала тұрғындарына Республика Президентінің Қазақстандағы қайта құру процесінің маңызды кезеңіне айналатын бастамаларын және алдағы кезектен тыс сайлауды қолдау туралы үндеу жолдауға бірауыздан шешім қабылдады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолдау #қолдау #пікір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);