ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Коронавирус / Қалада тойға бару тоқтамай тұр

Қалада тойға бару тоқтамай тұр

Коронавирус 15.09.2021, 12:43 1,163
Қалада тойға бару тоқтамай тұр
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Алматыда кезекті тойға барған 40 адам анықталды

Алматыда кезекті тойға барған 40 адам анықталды


Алматыда кезекті тойдың тоқтатылғаны туралы ақпаратты мониторингтік топ өкілдері жариялады. Тексеріс жүргізушілер 11 қыркүйек күні кешкі жетіден кейін Жетісу ауданындағы «Данияр» мейрамханасында тәртіп бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мониторингтік топ өкілдері хабарлағандай, банкетте 40-қа жуық адам болған. Аталған факт бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына беру үшін әкімшілік материал жиналды.


Естеріңізге сала кетейік, ауру деңгейінің төмендеуіне қарамастан, Алматыда адамдар көп жиналуымен өтетін барлық іс-шараларға әлі де тыйым салынған. Қала тұрғындары мен қонақтарын банкеттерге, үйлену тойларына бармауға шақырады, өйткені онда коронавирустық инфекцияның симптомсыз тасымалдаушылары болуы мүмкін.


9-12 қыркүйек аралығында Алматыда заңды тұлғалар тарапынан карантиндік шаралардың 34 бұзылуы анықталды.


Жыл басынан бері 39 051 нысан тексеріліп, карантиндік шаралар бұзылған 3708 нысан анықталды. 5847 хаттама, оның ішінде заңды тұлғаларға 220 165 910 теңге сомасына 628 хаттама толтырылды. Жеке тұлғаларға қатысты бетперде режимін бұзғаны үшін 229 655 410 теңге сомасына 5219 хаттама жасалды.


Карантинді қасақана бұзушыларға қатысты соттарға 76 іс берілді, оның ішінде 67 материал бойынша қызметті тоқтата тұру туралы шешімдер қабылданды.


Сонымен қатар, осы күндері мониторингтік топтар 108 автобус пен троллейбуста бетперде режимінің сақталуын тексерді. Эпидемиологтардың айтуынша, коронавирусты жұқтырудың ықтимал орындарының арасында қоғамдық көлік көрсетілген, бұл сегментте тексерушілердің жұмысы күшейтілген. Олар жолаушылар мен көлік жүргізушілерінің бетпердені дұрыс киюін қадағалайды.



Мысалы, 13-14 қыркүйекте Алматыда қоғамдық көлікте бетперде режимін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша 52 жеке тұлға және 1 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Екі күн ішінде 222-ден астам автобусқа мониторинг жүргізілді. Қаладағы келесі маршруттарда бұзушылықтар анықталды: №34, 36, 72, 73, 102, 135, 217, 120, 25, 65, 66, 5, 19, 66, 141, 29, 202, 78, 23, 47, 118, 16, 67, 11.


Жыл басынан бері қоғамдық көлікте 688 автобусқа мониторинг жүргізіліп, жолаушылар арасында 140 тәртіп бұзушы анықталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.