AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қалада қай жерге көлік қоюға болмайды?

Қалада қай жерге көлік қоюға болмайды?

Әлеумет 24.07.2024, 11:30 1,886
Қалада қай жерге көлік қоюға болмайды?
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда балалар алаңы мен автотұрақ үшін жаңа талаптар енгізілді

 

Алматыда көріктендірудің жаңа ережесі бекітілді, онда құрылыс жұмыстарын жүргізу, аумақты жинау және абаттандыру кезінде тазалық сақтау мен күтіп ұстаудың негізгі аспектілері көрсетілді. Құжатта жедел дамып келе жатқан қаланың жайы ескерілген, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Атап айтқанда, пункттің бірі балалар мен спорт алаңын күтіп ұстауға қатысты. Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Дулат Әшкеновтың айтуынша, алаңды тиісті техникалық жағдайда ұстау және қыс мезгілінде қардан үнемі тазалау бойынша талап енгізілген. Алаңдағы қоршаулар мен құрылыс жылына кемінде бір рет сырлануы керек.

«Балалар мен спорт алаңының иесі қауіпсіздікті және тұрақты түрде күтіп ұстауды қамтамасыз етуге тиіс. Қауіпсіздік мақсатында нысандарды транзиттік жаяу жүргіншілер қозғалысынан, өтпелерден, бұрылыс алаңдарынан, қонақ тұрақтарынан және қоқыс алаңдарынан оқшаулау қажет. Балалар алаңына кіреберісті жол мен көше жақтан ұйымдастыруға тыйым салынады», - деді Д.Әшкенов. 

Ойын алаңдарын жаңарту кезінде жарақаттанбас үшін алаңның аумағында тамырлардың шығып тұрғанын немесе төмен бұтақтардың, ескі, кесілген жабдық қалдығының, сондай-ақ темір бөгеттердің болмауына мән беріледі. Іргелес аумақтарды реконструкциялау кезінде балалар алаңдары жұмыс жүргізіліп жатқан жер мен құрылыс материалдарын сақтау орындары оқшауланады.

Сонымен қатар, автотұрақ аумақтары үшін жаңа нормалар енгізілуде. Өздеріңізге мәлім, қалада автокөлікті қысқа және ұзақ мерзімге қою, көше бойында, «қалта» түріндегі жолдың жиегіне қою сынды автотұрақтың сан түрі бар. 

Жалпы пайдаланымдағы жерлер мен аула аумағын жоспарлау кезінде көгалды автотұраққа айналдырмас үшін физикалық кедергілер орнату қажет. Бұған қоса, квартал мен аула ішіндегі жолға темірбетон блок, бағана, қоршау және басқа да құрылымды өз бетінше орнатуға тыйым салынады. Үй маңындағы аумақта автомобильдердің тротуарда, балалар алаңында, көгалда және контейнерлік алаңда тоқтауына және қоюына рұқсат жоқ. Бұзылып, жүрмей тұрған көлікті қоюға тыйым салынады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 19 шілдеде VIII сайланған мәслихаттың кезектен тыс ХХІ сессиясында депутаттар Алматы қаласы аумағын көріктендірудің жаңа ережесін бекітті. Бұл іс-шаралар «Таза Қазақстан» республикалық акциясының мақсатна сәйкес келетін қауіпсіз, ыңғайлы әрі экологиялық жайлы қалалық орта құруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #балалар #«Таза Қазақстан» #Автотұрақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);