ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қалада көктемгі тазалық жұмыстары қарқынды жүріп ж...

Қалада көктемгі тазалық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Әлеумет 06.03.2025, 13:36 671
Қалада көктемгі тазалық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Суретті түсірген Қ.Қонысбаев
«Алматы – біздің ортақ үйіміз». Алматылықтарды сүйікті қаламызды таза да жайлы етуге шақыратын науқан осылай аталады. Республика көлемінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына орай қалада...

«Алматы – біздің ортақ үйіміз». Алматылықтарды сүйікті қаламызды таза да жайлы етуге шақыратын науқан осылай аталады. Республика көлемінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына орай қалада көктемгі тазалық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 

Игі іске қала тазалығына жауапты мамандар, тазалаушы жұмыскерлер, сондай-ақ қала тазалығына немқұрайлы қарамайтын еріктілер де қатысуда.

Бүгін тазалау жұмыстары Абай даңғылы мен Наурызбай көшесінен бастап Тимирязев көшесіне дейінгі аралықты қамтыды.

Акция 1 айға жоспарланған, сәуір айында да жалғасын таппақ. Науқанның басты мақсаты – көрікті таза қаланы бұдан да ұқыпты ұстау.

Бұл жөнінде Бостандық ауданы көріктендіру бөлімінің бас маманы Нұрсұлтан Оразымбетов мәлімдеді.

– Біз 1 наурыздан бастап 375 көшенің тазалау жұмыстарына кешенді түрде кірістік. Айта кетерлігі, көше, арық бойын ғана тазалап қоймай, тұрғын үйлердің арасына дейін тазалап жүрміз. Аталмыш жұмыстарға 12-13 техника, 40–45 жұмыскер тартылған. Алда Instagram, Facebook парақшаларымызда жұртшылықты ерікті түрде өз қаламызды тазартуға сенбілікке шақыратын боламыз. Мұндай игі істер өз жалғасын табады, – деді ол.

Сонымен қатар, «Алматы тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны жұмыскерлері де өздерінің күнделікті жұмыс барысы туралы айтып берді.

– Алматы қаласының тазалығына өз үлесімізді қосып жүрміз. Бұл біздің қалыптасқан шаруамыз. Өзімізге белгіленген көше бойы мен арықтар сағасын қоқыстан тазартамыз. Осылайша күннің ыстық-суығына қарамай еңбек атқарылады, – деді тазалықшы Венера Бейсенова.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,441 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,319 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.