ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қалада 151 бағыт бойынша 2400-ден астам қоғамдық к...

Қалада 151 бағыт бойынша 2400-ден астам қоғамдық көлік жүреді

Әлеумет 25.11.2021, 06:01 1,125
Қалада 151 бағыт бойынша 2400-ден астам қоғамдық көлік жүреді
Суреттер: Almaty-akshamy.kz
Алматыда 151 қалалық бағытқа қызмет көрсету бойынша 21 тасымалдаушы жұмыс істейді

Алматыда 151 қалалық бағытқа қызмет көрсету бойынша 21 тасымалдаушы жұмыс істейді


Алматыдағы қоғамдық көліктің жұмысы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мегаполис әкімінің орынбасары Серік Құсайынов айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Спикердің айтуынша, Алматыда бағыттардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін заңнамаға сәйкес тасымалдаушылар субсидияланады.


Қазіргі кезде Алматы қаласында 151 қалалық бағытқа қызмет көрсету бойынша 21 тасымалдаушы жұмыс істейді.


Бағыттар бойынша жүретін автобустардың саны 2 441 жылжымалы бірлікті құрайды. Оның ішінде 515 газ автобусы, 196 троллейбус, 15 электр автобусы және дизельдегі 1 715 автобус бар.


Алматы әкімінің орынбасары 2021 және 2022 жылдары «Алматыэлектротранс» ЖШС коммуналдық автобус паркі 300 газ автобусын сатып алу жоспарланғанын атап өтті.


Бұдан өзге, жеке инвестор 2022 жылы қалалық бағыттарға қызмет көрсететін 200-ге дейін газ автобустарын сатып алу, көлік санын 2025 жылға дейін 500 жылжымалы бірлікке дейін ұлғайту, жаңа автобус паркін салу мәселесін қарастыруда. Бұл жұмыс жүйелі негізде жүргізілуде.


Сондай-ақ, 2022 жылы Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта автобус паркін салу жоспарлануда.


Спикер қазіргі кезде Алматының Наурызбай ауданы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Онда көптеген тұрғын үй кешендері бар, аудан тұрғындарына құрамында 121 жылжымалы көлік бірлігі бар №14, 15, 26, 27, 104а, 118 және 137 бағыттар бойынша қызмет көрсетілуде. Абай даңғылын үңгілеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауданда жаңа бағыттар ұйымдастырылады, олар көлік жүйесінің жүктемесін азайтуға және қолданыстағы қалалық бағыттардың бір бөлігін жеңілдетуге көмектеседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.