AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қала тұрғындарын қандай мәселелер толғандырады?

Қала тұрғындарын қандай мәселелер толғандырады?

Әлеумет 31.01.2024, 09:38 1,436
Қала тұрғындарын қандай мәселелер толғандырады?
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді. Әкімдіктің баспасөз қызметі өткен кездесу барысында мегаполис басшысының берген тапсырмалары туралы айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Өткен жылдың тамыз айында өткен кездесуде аудан тұрғындары гүлзарлар мен саябақ аймақтарындағы жасыл желектерге күтім жасау, атап айтқанда уақтылы суару мәселесін көтерген еді. Нәтижесінде «Ганди», «Биокомбинат», «Сосновый», «Кіші Ганди» саябақтарында және А.Иманов атындағы саябақта автоматтандырылған суару жүйесі орнатылды.



Сонымен қатар, Байтұрсынов – Төле би – Наурызбай батыр – Бөгенбай батыр көшелерінің бойындағы тұрғындар инженерлік желілердің жиі бұзылатынына шағымданған болатын. Осыған байланысты қалалық қызметтер ұзындығы 3,6 км және 0,3 км жылу желілері бар 6 учаскеде су құбырын реконструкциялады. 


Сондай-ақ, қала тұрғындарының өтініші бойынша Төле би көшесінің бойымен Чокин көшесінен Байзақов көшесіне дейін және Райымбек даңғылының бойымен Механика көшесінен Әуезов көшесіне дейін жалпы ұзындығы 1 км тротуар салынды. Қыркүйек айында Панфилов көшесінің Қабанбай батыр көшесінен Гоголь көшесіне дейінгі учаскесінде тас төселді.



Байсейітов көшесі мен Сейфуллин даңғылының бойындағы үйлердің тұрғындары аулаларды ұзақ жөндеуге қатысты шағымданған болатын. Нәтижесінде, қала әкімінің тапсырмасы бойынша қазан айында 9 күрделі жөндеу және 50 аулаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыс аясында балалар алаңдары, тренажерлер орнатылып, жарықтандыру жаңартылды. Сондай-ақ, Гоголь көшесі мен Абылай хан даңғылындағы 20 үйдің қасбеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. 


Кездесу қорытындысы бойынша ауданның 8 учаскесінде су басудың алдын алу мақсатында ұзындығы 2,7 км арық желісі реконструкцияланды. 


Аудан тұрғындары үйлерді және әлеуметтік нысандарды үздіксіз электрмен жабдықтау мәселесіне алаңдаған болатын. Осыған қатысты Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 4 қосалқы станция реконструкцияланып, 8,5 км электр желілеріне жоспардан тыс жөндеу жүргізілді.


Сондай-ақ, Әйтеке би көшесіндегі Байтұрсынов пен Досмұхамедов көшелерінің арасын ұзарту жұмысы аяқталды және ағымдағы жөндеумен 29 мың м2 қамтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қала #тұрғын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);