AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Қала күніне орай Алматыда «Үздік жасыл мектеп» бай...

Қала күніне орай Алматыда «Үздік жасыл мектеп» байқауының 16 қатысушысы анықталды

Алматы 10.09.2026, 14:13 355
Қала күніне орай Алматыда «Үздік жасыл мектеп» байқауының 16 қатысушысы анықталды
Алматы әкімдігі

Алматыда Қала күніне орай ұйымдастырылған «Үздік жасыл мектеп» қалалық байқауының аудандық кезеңі аяқталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның қорытындысы бойынша келесі кезеңге қаланың әр ауданынан екі білім беру ұйымынан, барлығы 16 ұйым өтті. Бұл туралы Алматы қаласының Білім басқармасының өкілдері айтты.

Аудандық кезең 28 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтті. Қатысушылар портфолиоларын, бейнематериалдарын және экологиялық жобаларын ұсынды. Сонымен қатар мектеп аумағын көгалдандыру, көркейту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарған жұмыстарын көрсетті.

Байқаудың негізгі бағыттарының бірі – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының қағидаттарын білім беру ұйымдарында іске асыру. Мектептерде қалдықтарды бөлек жинау, ресурс үнемдеу, экохабтар мен жылыжайлардың жұмысын ұйымдастыру, экологиялық еріктілікті дамыту және оқушыларға арналған практикалық сабақтар өткізу тәжірибесі бағаланды.

Байқауға дайындық кезінде оқушылар, педагогтер мен ата-аналар да белсенді атсалысты. Қатысушы мектептер жасыл аймақтар мен гүлзарларды ретке келтіріп, қалдықтарды бөлек жинауға арналған орындарды жетілдіріп, түрлі экологиялық бастамаларын таныстырды.

8 қыркүйекте байқаудың қалалық кезеңі басталды. Ол 16 қыркүйекке дейін жалғасады. Қатысушылардың жұмысы ұсынылған материалдар, экохабтардың қызметі, экологиялық және тәрбие жобалары, сондай-ақ инновациялық және цифрлық шешімдер негізінде бағаланады.

Үздік тәжірибелерді Алматыдағы басқа білім беру ұйымдарына енгізу жоспарланып отыр.

Байқау балалардың экологиялық әдетін қалыптастыруға және өскелең ұрпақты «Таза Қазақстан» қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асыруға тартуға бағытталған жұмыстың бір бөлігіне айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);