AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Қала күні: шетелдік қонақтар Алматының нышандарыме...

Қала күні: шетелдік қонақтар Алматының нышандарымен әуежайдан бастап танысты

Алматы 20.09.2026, 15:02 239
Қала күні: шетелдік қонақтар Алматының нышандарымен әуежайдан бастап танысты

Қала күніне орай Алматы қаласының Туризм басқармасы Алматы халықаралық әуежайында шетелдік туристерге арналған арнайы қарсы алу бағдарламасын ұйымдастырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бағдарламаның басты мақсаты – қонақтарды Алматы қаласымен, оның мәдениетімен және танымал нышандарымен таныстыру.

Сол нышандардың бірі Алматы апорты. Мерекелік қаптамаға салынған әйгілі алмалар қала атынан сыйлық ретінде шетелден келген туристерге табысталды. Сондай-ақ шетелдік қонақтарға Алматының көрікті жерлері бейнеленген естелік кәдесыйлар тарту етілді.

Шетелдік туристерді қазақтың ұлттық киіміндегі батырлар мен хостестер қарсы алды. Олар мерекелік іс-шараға ұлттық нақыш беріп, қонақтарға қазақ мәдениетінің ерекшеліктерін таныстырды.

Әуежайда Алматы тақырыбында арнайы фотоаймақ та жасақталды. Қала қонақтары ұлттық образдағы қатысушылармен естелік суретке түсіп, дайын фотосуретін сол жерде бірден ала алды.

Ұйымдастырушылардың бастамасы туристердің Алматы туралы алғашқы әсерін әуежайдан бастап қалыптастыруды көздейді. Қаланың танымал нышандары мен ұлттық мәдениет элементтері арқылы шетелдік меймандар Алматының өзіндік ерекшелігімен келген сәттен-ақ танысуға мүмкіндік алды.

Қала күні аясындағы бұл шара Алматыны халықаралық туристік бағыт ретінде танытуға және шетелдік қонақтарға қаланың мәдениеті мен қонақжай атмосферасын көрсетуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);