Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қала күні қарсаңындағы ауқымды тазалық жұмыстары ж...

Қала күні қарсаңындағы ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді

Әлеумет 13.09.2024, 09:11 1,099
Қала күні қарсаңындағы ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Қала күні қарсаңындағы тазалық апталығы аясында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтілетін Қала күні қарсаңында, 9 қыркүйекте тазалық апталығы басталды. Жалпы республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қоғамдық орындарда, көшелердегі қоқыс жәшіктері мен арық жүйелерінде ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Мақсат – мегаполисті таза, жайлы әрі тартымды ету.

Небәрі бес күн ішінде арнайы техниканың көмегімен көше-жол желісінен 1000 м³-тан астам қоқыс шығарылды, оның ішінде арық желілерінен 365,2 м³ қоқыс жиналды.

Санитарлық тазалық жалпы ауданы 25,1 млн м² және ұзындығы 2 777 км болатын 2 318 көшені қамтыды. Көше-жол желісін тазалау жұмыстары 12 мердігер ұйымның күшімен жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні қалада 1000-нан астам арнайы техника мен 1300-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған. Күндізгі уақытта көшелерді тазалауға күн сайын 700 техника және шамамен 1000 жұмысшы шығады. Түнгі ауысымда шамамен 220 техника және 250 жұмысшы жұмыс істейді.

Ұзындығы 1525 км қаланың арық желісін тазартуға ерекше назар аударылады. Күн сайын арық желісінен шамамен 160 м³ лай мен қоқыс шығарылады. Шығарылатын қалдықтардың басым бөлігі пластиктен тұрады. Еріген және нөсер суының кедергісіз ағып кетуі үшін арық желілерін тазалауға күн сайын 80 бірлік техника мен 320 жұмысшы жұмылдырылады.

Қала бойынша тәулігіне орта есеппен 520 м³ қоқыс пен қалдық шығарылады, оның ішінде 100 м³-ке жуығы пластик. Магистральдық көшелер күніне екі рет, ал аудандық маңызы бар көшелер күнделікті тазартылады. Автобус аялдамалары, қоқыс жәшіктері мен орындықтар жуылып жатыр. Сондай-ақ, жол бойы мен қоғамдық орындарда жерге түскен жапырақтар жиналып, шығарылады.

Дегенмен, қаладағы тазалықты сақтау шараларына қарамастан, ластануға байланысты мәселелер туындап отыр. Арықтар әлі де тұрғындар тастайтын кездейсоқ қоқыстармен бітеліп, қатты жауын-шашын кезінде су басуға әкеледі. Тазалықты сақтау – азаматтық жауапкершіліктің белгісі. Қаламыздың тұрғындары мен қонақтарын қоқыс тастамауға, әсіресе арықтарға қоқыс лақтырмауға және тазалықты сақтауға шақырамыз.

Еске сала кетсек, биыл Алматыда Қала күні балалар мен ересектерге арналған 150-ден астам түрлі форматтағы іс-шаралармен атап өтіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қала күні #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.