ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Қала күні қарсаңында Алматыда алғашқы инклюзивті б...

Қала күні қарсаңында Алматыда алғашқы инклюзивті балалар алаңы ашылды

Алматы 19.09.2025, 16:31 375
Қала күні қарсаңында Алматыда алғашқы инклюзивті балалар алаңы ашылды
сурет: Алматы әкімдігі
Жетісу ауданында Алматыдағы ең алғашқы инклюзивті балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Ол «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығының жанында, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің...

Жетісу ауданында Алматыдағы ең алғашқы инклюзивті балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Ол «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығының жанында, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында орналасқан.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, алаңның басты ерекшелігі – оның барлық балаға, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар ұл-қыздарға да қолжетімділігінде. Мұнда балалардың еркін ойнап, дене шынықтырып әрі қоғамға бейімделуіне жағдай жасалған. Бұл бастама шын мәнінде тең әрі жайлы қалалық ортаны құру жолындағы маңызды қадам болып отыр.
Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Данияр Әлкебайұлының айтуынша, жаңа алаң «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында бой көтерген.

"Бұрын бұл жерлерде ескі үйлер болған. Айналма жол салынғаннан кейін айналасында бос жерлерді сәтті пайдаланып, осындай халыққа пайдалы аймақтар жасадық. Бұл ойын алаңының басты ерекшелігі – оның барлық балаға қолжетімді болуы. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балалар да еркін ойнап, спортпен айналысып, қатарластары сияқты қоғамға бейімделе алады. Инклюзивті орта әрбір баланың дамуына жағдай жасайды", – деді ол.  

Алаңның басты нышаны – ұрпақтар сабақтастығын, отбасы құндылығын және бірлікті бейнелейтін «Бақытты отбасы» мүсіні. 
Ашылу салтанатына «Бақытты отбасы» орталығының өкілдерімен бірге Алматы қалалық мәслихатының депутаттары мен аудан әкімдігінің қызметкерлері қатысты.

Ашылу салтанатына келген балалар ата-аналарымен келіп, әткеншек теуіп, түрлі ойын құрылғыларында ойнады. Анимациялық кейіпкерлер бүлдіршіндермен бірге ойын ұйымдастырып, қонақтар балаларға тәттілер, балмұздақтар таратты.

Көпбалалы ана Әйгерім Куватова «Балаларым шын қуанып ойнап жүр. Мұндай алаңдар көп болса, әр отбасы үшін үлкен қолдау болар еді», – деп қуанышымен бөлісті. Жансүгіров көшесінің тұрғыны Айзада Багирова да ризашылығын білдіріп: 

«Бұдан былай бұл жерге күнде келеміз. Балаларыма ұнап жатыр. Мұнда ойын түрлері көп екен. Қауіпсіз әрі қызықты орын болыпты», – деді.

Жаңа жобаның аясында заманауи инклюзивті спорт және ойын кешендері орнатылып, қауіпсіздік үшін 200-ден астам жарық шамы мен 12 бейнебақылау камерасы қойылды. Сондай-ақ 22 орындық пен шағын сәулеттік нысандар орналастырылған. Территория көгалдандырылып, жасыл желекті күтіп-баптау үшін скважинадан қуат алатын автоматты суару жүйесі іске қосылды.
Жаңа инклюзивті алаң – Алматының әрбір тұрғынына, әсіресе балаларға жасалған қамқорлықтың көрінісі десек болар. Бұл бастама қаладағы қолжетімді әрі тең мүмкіндіктер ортасын кеңейтіп, тұрғындардың күнделікті өмірін жандандыра түсетіні анық.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.