ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Қала әкімі Zhetysu жаңа логистикалық терминалының...

Қала әкімі Zhetysu жаңа логистикалық терминалының ашылуына қатысты

Алматы 10.06.2025, 18:05 616
Қала әкімі Zhetysu жаңа логистикалық терминалының ашылуына қатысты
Алматы әкімдігі
Алматыда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Кедентранссервис» АҚ базасында жаңадан салынған ZHETYSU логистикалық терминалы ашылды.  Ауқымды инфрақұрылымдық жоба қытайлық Xi'an...

Алматыда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Кедентранссервис» АҚ базасында жаңадан салынған ZHETYSU логистикалық терминалы ашылды.  Ауқымды инфрақұрылымдық жоба қытайлық Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co., Ltd. (ҚХР) компаниясымен халықаралық әріптестік аясында жүзеге асқан. 

Салтанатты жиынға Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Алматыдағы ҚХР Бас консулы Цзян Вэй, Шэньси провинциясының губернаторы Чжао Ган қатысты. Сондай-ақ Сиань қаласының ҚКП хатшысы Фан Хунвэй телекөпір форматында тілеулестігін білдірді.

Терминал логистикалық шығындардың төмендеуін қамтамасыз етеді, көлік байланысын күшейтеді және халықаралық жүк тасымалының тиімділігін арттырады. Кешеннің жобалық қуаты – жылына 115000 TEU.

Өз сөзінде Алматы әкімі Дархан Сатыбалды: «Алматы – екі елдің қаржы, іскерлік және сауда орталығы, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы негізгі байланыстырушы жүйе. Сондықтан, бұл терминалдың ашылуы кезекті жоба ғана емес. Ол транзиттік маршруттардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға сеп болады. Сонымен бірге, қала экономикасына айтарлықтай ықпал етеді», - деп атап өтті.

Ресми іс-шара қарсаңында аталған терминалға Сиань қаласындағы (ҚХР) Қазақстан-Қытай жүк терминалынан жөнелтілген алғашқы контейнерлік пойыз келді. Ал стратегиялық әріптестік пен экологиялық жауапкершіліктің белгісі ретінде екі елдің өкілдері жаңа терминал аумағына ағаш отырғызды.

ZHETYSU терминалы – тасымал дәліздерінің негізгі нүктесінде орналасқан. Ол жүк ағындарын шоғырландырудың стратегиялық орталығына әрі Қазақстанның ең ірі импорттық логистикалық хабына айналады деп күтіледі. Жаңа терминал Қытай Халық Республикасынан келетін жүкті өңдеуге, шоғырландыруға және бөлуге бағытталған. Тиісінше, Алматының өңірдің ірі логистикалық торабы ретіндегі транзиттік рөлін нығайтады.

Анықтама: 

Терминалдың жалпы алаңы 9,8 гектар. Контейнер алаңы 9200 шаршы метр және 1 101 TEU дейін бір реттік сақтауға мүмкіндігі бар. Қойма үй - жайларының аумағы 23 400 шаршы метрге жетеді, коммерциялық автокөліктерге арналған тұрақ аймағы-8 900  шаршы метр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.