AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Қала әкімі шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен ке...

Қала әкімі шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Тұлға 31.03.2022, 03:35 1,752
Қала әкімі шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті
almaty-akshamy.kz


 Алматы әкімі Ерболат Досаев зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Кездесу барысында қала басшысы адами капиталдың жоғары сапасын, оның ішінде Алматының ғылыми, шығармашылық және мәдени әлеуетінің зор екенін атап өтті.



Кездесуге барлығы 40-тан астам өнер, мәдениет және ғылым қайраткерлері, соның ішінде театр және кино, эстрадалық және халық музыкасы, әдебиет, бейнелеу, монументтік және қолданбалы өнер, музейтану, сәулет, т.б. өкілдері қатысты.



Алматы әкімі кездесуге қатысушыларға Қазақстан мәдениетіне қосқан үлестері үшін алғысын білдірді, сондай-ақ шығармашылық зиялы қауымның жастарды адамгершілікке тәрбиелеудегі және өнер мен әдебиет арқылы қоғамға жоғары жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңірудегі маңызды рөлі мен маңызын атап өтті.



Екі сағаттан астам уақытқа созылған кездесу барысында зиялы қауым өкілдері өнер мен әдебиеттің даму деңгейі, шығармашылық шеберханаларды ұйымдастыру қажеттілігі, дәстүрлі музыканы дамыту, қала музейлерін жаңғырту, т.б. өзекті мәселелерді көтерді.




Ерболат Досаев Алматы еліміздің мәдени және ғылыми орталығы болып табылатынын, сондай-ақ шығармашылық жобаларды іске асыруға жәрдемдесуге және жалпы өнер мен мәдениетті дамытуға көңіл бөлуге дайын екенін айтты.



Қала әкімі шығармашылық интеллигенция өкілдеріне олардың идеялары үшін алғысын білдірді, сондай-ақ атқарылған жұмыстардың нәтижелері және ұтымды пікірлермен алмасу үшін осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізуді ұсынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Досаев #зиялы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);