ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Қажылық миссиясы Мекке қаласында жұмысын бастады

Қажылық миссиясы Мекке қаласында жұмысын бастады

Әлем 01.07.2022, 08:40 1,211
Қажылық миссиясы Мекке қаласында жұмысын бастады
Сурет: ҚМДБ
Миссия төрағасы арнайы жұмыс жоспарын бекітіп, миссия мүшелеріне тиісті тапсырмалар берді.

Миссия төрағасы арнайы жұмыс жоспарын бекітіп, миссия мүшелеріне тиісті тапсырмалар берді.


Қазақстан қажылық миссиясы өкілдері Сауд Арабиясының Мекке қаласында арнайы жиын өткізіп, жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жиынға Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар, бас мүфтидің кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы, қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов және басқа да миссия мүшелері қатысты.


Меккедегі алғашқы отырыс барысында миссия төрағасы арнайы жұмыс жоспарын бекітіп, миссия мүшелеріне тиісті тапсырмалар берді.



«Биылғы Арапа қасиетті жұма күніне дөп келіп тұр. Мұның өзі үлкен нығмет. Сондықтан қажыларымыздың құлшылығын дұрыс орындауы үшін лайықты қызмет көрсетуіміз қажет. Әр істе байсалдылықпен, сабырлықпен, ықыласпен әрекет етуіміз қажет», - деді Ершат қажы Оңғар.



Сондай-ақ ұйымдастыру, ақпарат тарату, уағыз айту, дәрігерлік көмек, қажылыққа қатысты сұрақтарға жауап беру т.б бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндалды.


Бас мүфтидің кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы 14 туристік фирмаға бөлініп берілген ҚМДБ имамдарының уағыз-насихат жұмыстарын жетілдіріп, жат ағымды насихаттауға жол бермеу керектігін атап өтсе, қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов осы уақытқа дейін 5 рейс арқылы елімізден 1060 отандасымыз Мекке мен Мәдина қалаларына келгенін баяндады.


Айта кетейік, Қазақстан қажылық миссиясы жұмысын 5 бағыт (ұйымдастыру, уағыз-насихат, алғашқы дәрігерлік көмек, ақпарат және Сall орталығы) бойынша жүргізеді. Миссия мүшелері қажылық компанияларының қызметі, жерлестеріміздің жай-күйі мен денсаулығы, уағыз-насихат жұмыстарының жүргізілуі және, ең бастысы, отандастарымыздың қажылық парызын дұрыс орындауын қадағалайды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.