ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ҚАЖ комитеті рақымшылық жасау актісі қолданылатын...

ҚАЖ комитеті рақымшылық жасау актісі қолданылатын адамдар тобын түсіндірді

Заң мен тəртіп 07.09.2021, 11:19 1,303
ҚАЖ комитеті рақымшылық жасау актісі қолданылатын адамдар тобын түсіндірді
Polisia.kz.
ҚАЖ комитеті рақымшылық жасау актісі қолданылатын адамдар тобын түсіндірді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Polisia.kz. сілтеме жасап.

ҚАЖ комитеті рақымшылық жасау актісі қолданылатын адамдар тобын түсіндірді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Polisia.kz. сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары “ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” заң жобасын қарауға кірісті. Қарастырылып отырған құжатта алғаш рет әлеуметтік жағынан осал адамдар ұғымы енгізілді.



Қарастырылып отырған құжатта алғаш рет әлеуметтік жағынан осал адамдар ұғымы енгізілді. Заң жобасының 2-бабына сәйкес, оларға Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, оның ішінде бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы әскери қызметшілерінің жесірлері жатады.



Бұл санатқа қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде 18 жасқа толмаған адамдар, 50 жасқа толған және одан үлкен әйелдер, сондай-ақ 60 жастан асқан ерлер де кіреді. Бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, жүкті әйелдерді, сотталған, ата-ана құқықтарынан айырылмаған және осы заң қолданысқа енгізілген күні кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы деп танылған және ата-ана құқықтарынан айырылмаған әйелдерді де назардан тыс қалдырмады.



Заң жобасында қылмыстық теріс қылық жасаған және залал келтіруге әкеп соқпаған, не оны толық өтеген азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін онша ауыр емес, сондай-ақ ауырлығы орташа қылмыстар жасаған сотталғандарды жазадан босату ұсынылады. Сондай-ақ, заң жобасында қарастырылған адамдар үшін негізгі жазаның мерзімі мен мөлшері қысқартылады.



Аталған топтағы адамдар тобын қарау кезінде қалған залалды толық өтеуі, сондай-ақ осы заң қолданысқа енгізілген күні жазасын өтеуге бір жылдан аспайтын уақыт теріс мінез-құлық дәрежесінің болмауы ескеріледі.


Өз кезегінде заң жобасы жергілікті атқарушы органдардың еңбекке қабілетті адамдарды жұмысқа орналастыруын қамтамасыз етуде, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққандарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуде шаралар қабылдауын көздейді.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына рақымшылық жасау кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасағандарға, жемқорларға, адам өлтіргендер мен экстремистерге, қылмыстық топтардың бұрынғы қатысушыларына қатысты қолданылмайды.​



ҚАЖ комитетінде 30 жыл ішінде Қазақстанда 8 рақымшылық жасалғанын, соңғы төрт рақымшылық Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күндеріне орайластырылғанын атап өтті.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.