AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қайырымдылық – адамгершіліктің белгісі

Қайырымдылық – адамгершіліктің белгісі

Әлеумет 15.03.2025, 16:57 703 Ернұр Рысбай
Қайырымдылық – адамгершіліктің белгісі
aqshamnews.kz

Алматыдағы Қаркен Ахметов атындағы мектеп-интернат-колледж ұжымы мен оқушылары Наурыз мерекесіне орай ерекше шара өткізді. 15 наурыз – Қайырымдылық күніне байланысты олар мүмкіндігі шектеулі үш баланың үй ішіне көмек көрсетті.

Колледждің тәрбиешісі Гүлмира Желдібаева атап өткендей, бұл игі іс жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Биылғы шара аясында көмек Медеу аудандық әлеуметтік қорғау бөлімінде тіркелген үш балаға бағытталды.

Бұл балалар мектепке бармайды, үйден білім алады. Олардың отбасыларына материалдық және моральдық қолдау көрсету мақсатында мектеп-интернат-колледждің қызметкерлері мен оқушылары бірлесе қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

«Бізде арнайы ұйым бар, оның басында оқушылардан сайланған көшбасшылар тұрады. Олар әрбір шараны мұқият ұйымдастырып, оқушылар мен ұжым арасынан қаражат жинауға көмектеседі. Биыл да барлығымыз өзіміздің шама-шарқымызға қарай үлес қостық», – дейді Гүлмира Желдібаева.

Бұл қайырымдылық шарасы балалардың ата-аналарына да үлкен қуаныш сыйлады. Солардың бірі – Айдана Телібаева өз алғысын білдірді:

“Осындай шаралар бізге үлкен демеу. Баламыз ерекше күтімді қажет етеді, сондықтан әрбір қолдау біз үшін өте маңызды. Қаркен Ахметов атындағы мектеп-интернат-колледж ұжымына, оқушыларына және барлық қатысқан жандарға шын жүректен рақмет айтамын. Сіздердің мейірімдеріңіз бізге жігер береді. Мұндай қайырымдылық шаралары қоғамда мейірімділік пен жанашырлықтың бар екенін көрсетеді. Баршаңызға амандық пен жақсылық тілеймін!”

Қайырымдылық – тек материалдық көмек қана емес, жүректен шыққан шынайы мейірім. Осындай игі бастамалар көмекке мұқтаж жандарға үміт сыйлап, қоғамдағы ізгілік пен бірлікті нығайтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қайырымдылық #наурыз #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);