AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / "Қайрат" шабуылшысы Дастан Сәтпаев "Брюггемен" ойы...

"Қайрат" шабуылшысы Дастан Сәтпаев "Брюггемен" ойынға қатыспайды

Спорт 20.01.2026, 10:38 1,098
"Қайрат" шабуылшысы Дастан Сәтпаев "Брюггемен" ойынға қатыспайды
Сурет: instagram.com/d.satpayev

"Қайрат" командасының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі жетінші турындағы Бельгияның "Брюгге" (Брюссель) командасымен кездесу алдында баспасөз мәслихатын берді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бас бапкер команда құрамына қысқы трансферлік кезеңде қосылған футболшылардың алдағы ойындарға қатыса алмайтынын атап өтті.

- Сондықтан біз өткен маусымнан алматылық клуб намысын қорғап жүрген жігіттерге сенім артамыз. Құрамда айтарлықтай өзгеріс жоқ. Өткен маусымның аяқ шенінде ота жасатқан Офри Арад алдағы кездесуге қатыспайды. Сондай-ақ Дастан Сәтпаевқа да үміт арта алмаймыз. Ол жарақатынан емделіп, оқу-жаттығу жиынынан тыс қалды. Ең бастысы, бізге футболшының денсаулығының жақсы болғаны керек. Біз Чемпиондар лигасындағы орнымызды білеміз. Негізгі ойындар алда деп санаймыз. Алдымызға үлкен мақсаттар қойып отырмыз. Қазірге дейін қарсыластардың барлығы оңай болған жоқ. Барлығы дерлік жоғары деңгейдегі командалар деп айта аламын, - деді ол баспасөз мәслихатында.

Кездесу 20 қаңтарда күні сағат 20:20-да елордадағы «Астана-арена» стадионында басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін «Қайрат» Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дастан Сәтпаев #Қайрат #Брюгге
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);