ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Қайрат Сатыбалдыұлының туысына іздеу жарияланды

Қайрат Сатыбалдыұлының туысына іздеу жарияланды

Оқиға 19.11.2022, 05:00 873
Қайрат Сатыбалдыұлының туысына іздеу жарияланды
Сурет: Ашық дереккөз
Мемлекетке келтірілген залал 320 млн теңгеден асты

Мемлекетке келтірілген залал 320 млн теңгеден асты


Мемлекетке 320 млн теңгеден астам сомаға залал келтірген Қайрат Сатыбалдыұлының туысы Бахтияр Байсейітовке іздеу жарияланды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қаратау» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ еншілес ұйымы) және «Iri building» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты 2019-2021 жылдар кезеңінде Қаратау кенішінде (Түркістан облысының Созақ ауданы) қызмет көрсету кезінде ақша қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.


Тергеу барысында Б.Байсейітов Қ. Сатыбалдыұлымен туыстық байланыста болуын қолдана отырып бақылауындағы компания «Iri building» ЖШС мүддесін лоббилендіріп келгені анықталды. Аталған кәсіпорын мен квазимемлекеттік сектор субъектісі «Қаратау» ЖШС арасында 2019 жылы «Қаратау» кеніші бойынша 6,2 млрд теңге сомасына құрылыс жұмыстарына шарт жасалған.


Б.Байсейітов «Iri building» ЖШС қызметін тікелей басқарған және объекті құрылысынан түсіп келген ақшалай қаражатты бөліп отырған. Бұл ретте жабдықтың бір бөлігі жеткізілмеген, ал оған арналған қаражат заңсыз шығарылып, ұрланған.


Мемлекетке келтірілген залал 320 млн теңгеден асты», - делінген баспасөз хабарламасында.


Мәлім етілгендей, қазіргі уақытта Б. Байсейітов Қазақстаннан тыс жерде.



«Оның заңсыз әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сараланып отыр, оған іздеу жарияланды. Аталған тұлғаның өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Оның ықтимал орналасқан жері туралы ақпараты бар азаматтардан агенттіктің көрсетілген телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз: Call-орталық 1424, +7 (7172) 909 260. Ақпарат бергені үшін сыйақы қарастырылған. Құпиялылыққа кепілдік беріледі!», - деді агенттіктен.



Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,287 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.