конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / "Қайрат" пен "Реал" ойыны: депутаттардың болжамы қ...

"Қайрат" пен "Реал" ойыны: депутаттардың болжамы қандай?

Спорт 24.09.2025, 17:45 890
"Қайрат" пен "Реал" ойыны: депутаттардың болжамы қандай?
1bol.kz

30 қыркүйекте футбол жанкүйерлерінің назарын аударатын үлкен кездесу өтпек. Қазақстанның танымал клубы "Қайрат" әлемдік алыптардың бірі "Реалмен" жасыл алаңда жолығады. Бұл ойынға спортсүйер қауым ғана емес, елдің саяси тұлғалары да қызығушылық танытып отыр. Аqshamnews.kz тілшісі Мәжіліс депутаттарынан матч туралы сұрап білді. 

Аманжол Әлтай: "Жеңілсек те абырой"

Депутат Аманжол Әлтай "Қайраттың" Испания алпауыт клубына қарсы ойнайтынының өзі үлкен мәртебе екенін атап өтті.

"Мәселе "Қайраттың" "Реалды" жеңуінде емес. Ең бастысы – біздің командамыздың әлемнің ең мықты футбол ұжымдарының бірімен бір алаңда ойнауының өзі үлкен абырой. Сондықтан "Қайрат" жеңсе де, жеңілсе де біз үшін қуаныш. Болжам бойынша есеп 2:1 болуы мүмкін, бірақ "Реалдың" пайдасына. Егер 1:1 есебімен тең түссе, ол тіпті тамаша болар еді. Қалай болғанда да, "Қайратқа" жеңіс пен сәттілік тілейміз", – деді Аманжол Әлтай.

Ерлан Саиров: "Тең ойын – біз үшін жеңіс"

Ал Ерлан Саиров "Қайратқа" сәттілік тілеп, ойынның тең түскенін қалайтынын жеткізді.

"Қайратқа" сәттілік тілеймін. Дегенмен екі команданың салмақ дәрежесі әртүрлі екені белгілі. Сол себепті тең нәтиженің өзі Қазақстан футболы үшін үлкен жеңіс болмақ. Шын жүректен ойынның тең аяқталғанын қалаймын", – деді депутат Ерлан Саиров.

Еске салайық, кеше тарихи ойынға билет сатылымы ашылған еді. Кезекте 300 мыңға жуық адам тұрған. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қайрат #Реал #футбол #депутат #болжам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);