AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / "Қайрат" ФК өз алаңында "Реал Мадридке" есе жіберд...

"Қайрат" ФК өз алаңында "Реал Мадридке" есе жіберді

Спорт 30.09.2025, 23:38 956
"Қайрат" ФК өз алаңында "Реал Мадридке" есе жіберді
Сурет: Самат Құсайынов

Алматыда «Қайрат» пен «Реал» арасындағы тарихи матч аяқталды. Ойын нәтижесі бойынша испандықтар ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі тарихи кездесу өтті. Жергілікті «Қайрат» әйгілі мадридтік «Реалға» қарсы алғаш рет өз алаңында ойнап, 0:5 есебімен жеңіліп қалды.

Матч екінші тур аясында өтті. Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ қос команданың басты жұлдыздары алаңға шықты: Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, Дастан Сәтпаев пен Шерхан Қалмұрза.

Алғашқы тайм - Мбаппенің пенальтиі

25-минутта француз шабуылшысы Килиан Мбаппе пенальтиден есеп ашты. Осылайша бірінші тайм «Реалдың» пайдасына 0:1 есебімен аяқталды.

Екінші таймда «Реал» қарқынын күшейтті

Үзілістен кейін мадридтіктер толық басымдыққа ие болды. 52 және 74-минуттарда тағы да Мбаппе мергендігімен көзге түсіп, хет-трик жасады - 0:3. Осы аралықта «Қайратқа» пенальти белгіленген еді, бірақ VAR шешімінен кейін төреші айып добын алып тастады.

Жергілікті команданың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин ойын барысын өзгерту үшін бірнеше алмастыру жасады. Байбек, Эдмилсон, Станоев, Рикардиньо және жарақаттан кейін алаңға алғаш шыққан Зария ойынды күшейтуге тырысты. Дегенмен өзгерістер нәтиже бермеді.

83-минутта Эдуардо Камавинга төртінші голды соқты. Қосымша уақытта Браим Диас нүкте қойып, есепті 0:5-ке жеткізді.

Тарихи кездесу

Бұл матч мадридтік «Реалдың» Қазақстандағы алғашқы ойыны болды. Ал «Қайрат» үшін Еуропаның ең титулды клубымен өз алаңында алғаш рет кездесудің өзі үлкен оқиғаға айналды.

Дегенмен ойын барысында қазақстандық жанкүйерлер онлайн-трансляция сапасына наразылық білдірді.

суреттер: Самат Құсайынов

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Реал Мадрид #Қайрат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);