AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қайрат Боранбаевқа қатысты тергеу ісі аяқталды

Қайрат Боранбаевқа қатысты тергеу ісі аяқталды

Оқиға 30.09.2022, 14:29 1,310
Қайрат Боранбаевқа қатысты тергеу ісі аяқталды
Сурет: Ашық дереккөзі

38 миллиард теңге қолма-қол ақша мен 4,2 миллиард теңгенің жылжымайтын мүліктері тәркіленді


Қаржылық мониторинг агенттігі аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырды және ақшаны жылыстатты деген күдікке ілінген Қайрат Боранбаев пен оның сенімді адамы Нахановқа, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Ибулла Серді және «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанұзақ Тайырға қатысты істің тергеуін аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Олар 2019 жылы бақылаудағы «Азиягаз Чунджа» ЖШС арқылы газды жеткізу кезінде Qazaq Gaz (бұрынғы ҚазТрансГаз) ұлттық компаниясының қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын жүзеге асырған. Ұрланған 14,5 млрд теңге көлеміндегі қаражат кейіннен заңды кәсіпкерлік қызметтен дивиденд ретінде бөлу және төлеу желеуімен заңдастырылған. Осылайша, күдіктілер жасалған заңсыз операциялардың шын мәнін жасырған. Тергеу барысында келтірілген шығын толық көлемде өтелді. 


Сонымен қатар, 38 миллиард теңге қолма-қол ақша мен 4,2 миллиард теңгенің жылжымайтын мүліктері тәркіленді. Осы бөлім бойынша тергеу аяқталды, материалдар процеске қатысушыларға таныстыру үшін берілді. 


Сонымен бірге, Австрия, Латвия, Люксембург, Молдова, Тәжікстан, Біріккен Араб Әмірліктері және Эстониядан заң аясындағы көмегінің нәтижесі келмегендіктен, Боранбаевтың заңсыз әрекеттерінің басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасуда. 


Сонымен қатар, Агенттік заңсыз кірістерге сатып алынған шетелдік активтерді анықтау және бұғаттау жұмыстарын жүргізуде. Шетелдік әріптестерден материалдар келіп түскеннен кейін тиісті құқықтық баға беріледі. 


Айта кету керек, 2010 жылдан бері Боранбаевпен еншілес компаниялар Қазақстанда өндірілген газдың едәуір бөлігін шетел шоттарында кіріс шоғырлануымен экспорттаған. Бұл әрекеттер ұлттық мүддеге қайшы жасалды. Тергеу жұмыстарының нәтижесінде, биылдан бастап жылдық құны 440 млн АҚШ долларынан асатын (207 млрд теңге) қазақстандық газдың көрсетілген көлемі ел ішіндегі тұтынушыларға және мемлекеттің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Боранбаев #тергеу #ақша жымқыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);