AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қайрат Боранбаев журналистерге сұхбат берді

Қайрат Боранбаев журналистерге сұхбат берді

Заң мен тəртіп 04.01.2023, 07:30 1,461
Қайрат Боранбаев журналистерге сұхбат берді
almaty-akshamy.kz

Қайрат Боранбаев тағылған айыптарды мойындамады.



Астана қаласы, Сарырарқа ауданындағы №2 сот Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Тайыр Жанұзақовқа қатысты қылмыстық істі қарап жатыр. Бүгін кезекті сот отырысы өтті.  Үзіліс кезінде Қайрат Боранбаев журналистерге сұхбат беріп, тағылған айыптың өзіне түсініксіз екенін, өздерін не үшін кінәлап отырғанын түсінбейтінін мәлімдеді, деп жазады  Informburo.kz 



Оның айтуынша, "Qazaq Gaz" АҚ компаниясы өзінің барлық салықтық, құқықтық және аудиторлық қортындыларын тапсырған. Оларды "үлкен төрттікке" кіретін Ernst&Young компаниясы жүргізген. Аудиторлық тексеру барысында ешбір шығынның болмағаны анықталған. "Азия ГазЧунджа" ЖШС мен "Qazaq Gaz" АҚ арасында әдеттегі азаматтық-құқықтық келісімшарт жасалған.



"Мен тек ("АзияГазЧунджа" ЖШС) акционерімін және мені акционер ретінде қамауға алды. Біздің холдингте барлық келісімшарттарды, барлық қаржы-шаруашылық қызметті бас директор жүргізеді. Компания газ сатып алып, "Qazaq Gaz" АҚ компаниясына сатқан, келісімшартта сауда-саттыққа баға формуласы болған. Оған сәйкес "ҚазТрансГаз" АҚ (қазір "Qazaq Gaz" АҚ) әр тоннадан 10 доллар, яғни сауда-саттық сомасынан 20 млн доллар пайда тапқан. Бұдан бөлек бұл газ көлемінің барлығы Қытайға жөнелтілді, яғни компания тағы 220 млн доллар пайда тапты", - деді Боранбаев.



Сондай-ақ, ол компания барлық тасымалдау шығындарын төлегенін айтты.



"Қазір мен осы құжаттардың барлығын зерттеп көрдім, бізде түрлі келісімшарттар көп болғандықтан, осыған дейін, әрине, білмедім. Алайда, бізге бұдан басқа айып тағылмағандықтан, мен оны мұқият зерттедім. "АзияГазЧунджа" ЖШС" тасымал құны үшін ғана 125 млн төлеген. Бұл "Qazaq Gaz" АҚ ішіндегі транспорт коммпаниясының кірісі", - деді Қайрат Боранбаев.



Тергеу мәліметтеріне сәйкес, осы іс бойынша күдікке ілінген Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Тайыр Жанұзақов 2019 жылы өздерінің бақылауындағы "АзияГазЧунджа" ЖШС арқылы газ тасымалдау кезінде "Qazaq Gaz" АҚ ұлттық коммпаниясының қаржысын жымқыру схемасын жүзеге асырған. Нәтижесінде жымқырылған 14,5 млрд теңгені заңды кәсіпкерлік қызметтен түскен пайда ретінде дивидендтік төлеммен бөліп беру арқылы заңдастырған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қайрат #Боранбаев #айыптар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);