Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қай санаттағы адамдар әскери қызметтен босатылуы м...

Қай санаттағы адамдар әскери қызметтен босатылуы мүмкін?

Әлеумет 18.07.2023, 12:03 979
Қай санаттағы адамдар әскери қызметтен босатылуы мүмкін?
Сурет: Qazaly.kz

Қорғаныс министрлігі қай санаттағы адамдар әскери қызметтен босатылуы мүмкін екенін және әскер қатарына шақырылмайтынын түсіндірді.


Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша мерзімін кейінге қалдыру немесе босату шешімі әскерге шақыру комиссиясының құзыретінде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Бұл тұрғыда кейінге қалдыру отбасы әрі денсаулық жағдайына, оқуын жалғастырғандарға, кәсіби қызметін атқарып жүрген педагогтерге, ауылдағы дәрігерлерге, Парламенттің немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына қатысты болады», - делінген Қорғаныс министрлігінің  жауабында.



Сонымен қатар, алдын ала тергеу амалдарына тартылған немесе қылмыстық iсін сот қарап жатқан адамдар жауынгерлік жиындарға шақыртылмайды.


Бұдан бөлек, азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипажының мүшелеріне, тиісті білімі бар азаматтық авиация инженерлері, механиктері және техниктеріне, сондай-ақ құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқандарға қатысты әскерге шақыруды кейінге қалдыру тәртібі қарастырылған.


Бейбiт уақытта әскери қызметке шақырудан мына азаматтар босатылады:


1) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған;


2) жиырма жеті жасқа толған, заңды негiздер бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырылмаған;


3) туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызметті өтеу кезеңінде мiндетін орындау барысында қаза тапқанда немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленгенде;


4) әскери қызметті басқа мемлекетте өткендер;


5) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендер;


6) ғылыми дәрежесi бар азаматтар;


7) тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері.


Бұдан басқа, бейбiт уақытта әскери қызметке сотталған адамдар шақырылмайды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскери қызмет #санат #қызметтен босату
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.