AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қай қаланың таксиі қымбат?

Қай қаланың таксиі қымбат?

Әлеумет 03.06.2024, 16:08 791 yakiya
Қай қаланың таксиі қымбат?
almaty-akshamy.kz

Бағаның өсуін Алматы тұрғындары қатты сезінді.

2023 жылы Қазақстанда такси қызметін көрсететін компаниялардың табысы 17%-ға, яғни 5,9 млрд теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Осы кезеңде такси қызметтерін 47,4 млн адам қолданды, бұл былтырмен салыстырғанда 2%-ға аз. Жолаушылар айналымы бір жылда 44%-ға, 1,4 млрд жолаушы-километрге дейін қысқарды.

2023 жылғы қаңтар–қарашада такси қызметі саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар бір жыл бұрынғы 495,1 млн теңгеден біршама өсіп, 751,9 млн теңгеге жетті.

Инвестициялардың жылдық өсімі құндық мәнде 51,8%. 

Салымдардың ең көп сомасы Алматыда болды: 360,6 млн теңге, былтырмен салыстырғанда 6,9 есе көп. Өңірдің үлесі ҚР-дан 48%. 

Жаңа талапқа сәйкес, такси жүргізушілері салық органдарына тіркелуі керек немесе мобильді қосымша арқылы онлайн (ЖК ретінде) тіркеле алады. Ол үшін қажетті жағдайлар жасалған.

Сонымен қатар жүргізушілерді салық төлеуден босату және осы міндетті операторларға жүктеу мүмкіндігі қарастырылып отыр. 

2023 жылдың желтоқсанында таксимен жүру өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 9,1%-ға қымбаттады.

Өңірлік бөліністе бағаның өсуін Алматы тұрғындары қатты сезінді, бір жылда 30,3%-ға өсті. Ең арзан такси Ақтөбе және Абай облыстарында: тиісінше 22,1% және 17%.

Маңғыстау облысында такси қызметтерінің жылдық ең аз қымбаттауы тіркелді - 1,2%. Тағы үш облыста — Алматы, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында бағалар бір жыл бұрынғыдай деңгейде қалды.

2024 жылдың 15 қаңтарында жарияланған Numbeo мәліметтері бойынша, стандартты тариф бойынша 1 км-ге есептелген такси қызметтерінің ең жоғары бағасы Швейцарияда (4,63 доллар), Люксембургте (3,29 доллар) және Кувейтте (3,25 доллар) тіркелді.

Қазақстанда такси қызметтерінің құны 0,61 доллар, бұл - ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Әзірбайжанда стандартты тариф бойынша 1 км-ге таксимен жүру құны 0,59 доллар, Ресейде — 0,34 доллар, Украинада — 0,32 доллар, Беларуссияда — 0,31 доллар, Армения мен Өзбекстанда - 0,3 доллар болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Такси #баға #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);