ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Қаһарман балақай

Қаһарман балақай

Әлем 27.04.2023, 09:21 1,861
Қаһарман балақай
almaty-akshamy.kz
Қарындасын қорғау үшін  құтырған итпен жалғыз алысқан балдырған «Әлемнің үздік күрескері» атанды

Қарындасын қорғау үшін  құтырған итпен жалғыз алысқан балдырған «Әлемнің үздік күрескері» атанды


Алты жастағы Бриджер Уолкер (АҚШ-тың Шайенн қаласынан) кішкентай қарындасын құтырған дәу иттің аузынан аман алып қалды. Бірақ өзі айтарлықтай жарақаттанған. Бетіне 90 жерден тігіс түскен балақай бір күнде әлеуметтік желінің жұлдызына айналып кетті.



«Ұлым көп қан жоғалтты, өліп қалатын шығар деп қатты уайымдадық. Құтырған иттің тістері оның бетінің терісін түгел жұлмалап тастаған, салбырап, арғы жағынан сүйегі көрініп тұрды. Дәрігерлердің алтын қолының арқасында қалыпты өмірге қосылдық», – дейді баланың әкесі Роберт Уолкер.



Оның айтуынша, бұл оқиға туралы БАҚ беттеріне немесе әлеуметтік желіге салу туралы мүлдем ойламапты. Өздерімен-өздері қайғы болып жүргенде, баланың әпкесі Николь видеоны Instagram парақшасына жүктеп жібереді. Сонда барып бүкіл Америка қаһарман балақай туралы хабардар болған екен.


«Егер қазір екеуіміздің біреуміз өлуіміз керек болса, онда менің өлгенім дұрыс», – деп ойлаған екен алты жасар балдырған өздеріне ит шаба бастаған сәтте. Оның БАҚ-қа берген бұл сөзі ауыздан-ауызға тарап кетті.



Осы ерлігінен соң өжет балаға Голливуд жұлдыздары, танымал актерлар хабарласа бастаған. «Мстители» кинокартинасының өкілдері оған телефон соғып, сыйлықтар жөнелткен. Ал Брет Майклс деген танымал рок-орындаушы болса, авторлық қолтаңбасымен бірге акустикалық гитара әкеп сыйлаған. Дүниежүзілік боксерлік кеңес (WBC) болса, қайсар балдырғанды «Әлемнің құрметті чемпионы» деп таныған. Кішкентай американдықтың үлкен ерлігі «WBC тарихындағы тарихи рекорд» деп бағаланған. Ал баланың өзіне «Әлемнің үздік күрескері» атағы берілген.



Бәлкім, Бриджер болашақта кәсіби боксқа ден қояр, кім білсін. Бірақ ол қазір әкесімен бірге джиу-джитсумен айналысып жүрген көрінеді. «Ұлым бүгінде есейіп қалды, өзіне-өзі тым сенімді, батыл болып көрінеді маған. Меніңше, оның қарындасын да, өзін де азулы иттен құтқарып қалуға джиу-джитсу көмектесті деп ойлаймын», – дейді жүрегін мақтаныш кернеген әкесі Роберт.


Әзірлеген Нұр ЖАМАЛ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,284 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.