Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қағаз құны шарықтап тұр

Қағаз құны шарықтап тұр

Әлеумет 30.03.2022, 06:26 1,315
Қағаз құны шарықтап тұр
Сурет: Shanyraq.info

Елде қағаз дефициті де байқалып отыр


Кеңсе жұмысшыларының айтуынша, қазір кеңсе тауарлары дүкендерінде қағазды шектеулі мөлшерде сатып жатыр. Cебебі бағасы шамамен 2 есе өскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Khabar.kz-ке сілтеме жасап.


Григорий Колоның елордадағы полиграфиялық орталығына күніне 100-ге жуық адам қағаз басып шығаруға келеді. Сәйкесінше, оған бума-бума қағаз жұмсалады. Соңғы уақытта нарықта бұл тауардың да құны шарықтап, дефицит байқала бастапты.



 «Тауар жеткізушілер бізге алдын ала ескертіп, дефицит болатынын айтқан: Бір вагон қағаз бар. Келесі партия қашан келетіні белгісіз. Сондықтан қазір алып алыңдар деген», - дейді полиграфиялық орталықтың құрылтайшысы Григорий Коло.



Григорийдің айтуынша, бұрын қағаздың 500 бумасын сатып алуға болатын. Ал қазір тек аптасына бір рет 20 бума ғана саудаланады. Бұл үлкен полиграфия орталықтары үшін жеткіліксіз.



«Бізге келетін қағаздың барлығы ресейлік. Көрші елде оның өндірісі тоқтаған жоқ. Мәселе ағартқышта болып тұр. Қағаздың бастапқы түсі сұр болады. Оны ағарту үшін тиісті химикаттар пайдаланылады. Ал ол Германия мен Финляндиядан әкелінеді. Енді батыстың Ресейге салған санкциялары салдарынан ағартқыштар діттеген жеріне жетпей отыр. Салдарынан қағаз тапшылығы сезілуде», - дейді полиграфиялық орталықтың құрылтайшысы Григорий Коло.



Қазір кеңсе тауарлары дүкендерінде қағаздың бағасы сан алуан құбылып тұр. Әдетте 1,5 мың теңге төңірегінде тұратын 1 бумасы қазір 3 мың теңгеден кем емес. Сапасына қарай бағасы да жоғарылай береді.


Үлкен көлемдегі кеңсе қағаздарын кесетін Шымкенттегі зауыттың жылына А-4 формат қағаздың 3 млн, А-3 парақтың 300 мың бумасын шығаратын қауқары бар. Бірақ қазір өндіріс ошағы шикізаттың жоқтығынан тұралап тұр.



«Біздің шикізат Ресей мен Финляндиядан келеді. Бірақ біз көбіне Финляндиядан алдырып, осы жерде өңдеп, Қазақстан ішінде сататынбыз. Өндірушілер әр кәсіпорын 1 вагон сата алады деп  шектеу қойып қойған. Бір вагон дегеніміз 24-25 мың дана қағаз ғана. Ол 1% де қамтамасыз етпейді. Біздің қуаттылығымыз айына 10 вагонға дейін өндіруге жетеді», - днйді кәсіпорын директорының орынбасары Қанат Әлімбаев.



Елімізде орман көп болмағандықтан, еліміз қағазды өзге елдерден сатып алуға мәжбүр болып отыр. Негізгі импорттаушы мемлекет – Ресей Федерациясы.



«Менің ойымша, Қазақстанда тауар тапшылығы қатты байқалмайды. Өйткені бізге Ресейден бөлек Қытай мен Түркия елдерінен де қағаз әкелінеді. Сондықтан альтернативті маршруттар бар. Ал бағаға келер болсам, қағаз құны негізсіз көтерілді ме әлде жоқ па, оны тексеретін тиісті мекемелер бар. Бірақ қағаз бағасының неге құбылып тұрғанын білмеймін. Егер кеңсе тауарларын сататын дүкендер бір-бірімен келісіп, бағаны өсірсе, онда тиісті мекемелер нақты шаралар қолданады», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев. 



Жалпы, мамандардың айтуынша, қазір Ресей қағазды ағарту ісін өз зауыттарында жандандырып жатыр. Сондықтан еліміздің қағаз нарығындағы жағдай 1-2 ай төңірегінде тұрақталады деп топшылауда.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазаз #шарықтаған баға #дефицит
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.