ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Пышақ ұстап ауылдың тынышын кетірген адам қолға тү...

Пышақ ұстап ауылдың тынышын кетірген адам қолға түсті

Оқиға 17.04.2024, 10:37 1,478
Пышақ ұстап ауылдың тынышын кетірген адам қолға түсті
Сурет: тұрғындар ұсынған
Редакциямызға кеше «Огонек» саяжай бірлестігі тұрғындарынан шағым түсті.

Редакциямызға кеше «Огонек» саяжай бірлестігі тұрғындарынан шағым түсті.


Тұрғындардың  айтуынша, Көкөзек ауылына қарасты аталған саяжайдағы үйдің бірінен пәтер жалдаған жігіт жұртты пышақпен қорқытқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі.



Тұрғындар Н.деген есімін ғана білетін азамат бұған дейін де «ақшасын төлемегені үшін жарықты өшіреміз» деп келген саяжай бірлестігінің төрағасын, «үйімді босат» деген пәтер иесін, «темекі, арақ» сатпайтын ауыл дүкенінің сатушысын және көшедегі бірнеше жүргіншіні суық қарумен (пышақ) қорқытқан, дүкеннің және көліктің терезесін сындырған.



Алдыңғы күні тұрғындардың арызы негізінде оны учаскелік полиция ұстап әкеткен, бірақ түнде босатып жібергендіктен ауылға қайтып келген. Полиция бұл жағдайды прокурордың санкциясы болмағандығымен түсіндірді. Оның бостандықта жүргенін көрген тұрғындар сыртқа шығуға қорқып, оқушылар сабаққа бара алмай қалған.


Кешелі бері тұрғындардың қайта шағымдануына байланысты  аудан әкімі және полиция қызметкерлері бірлесіп, тұратын мекенжайынан қашып кеткен азаматты бүгін қолға түсірген.



«Полиция қызметкерлері дүкендердің бірінің терезесін сындырып, аулада тұрған автокөлікті сындырған 36 жастағы мас адамды ұстады. Қазіргі уақытта Қарасай ауданының полицейлері бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. Тергеудің толықтығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіледі» деген ақпарат берді бүгін бізде Алматы облыстық  ПД баспасөз қызметі.



Баспасөз қызметі өкілінің айтуынша, бұзақының денсаулығында кінәрат бар сияқты, бірақ онысын дәлелдейтін құжаты жоқ.


Бізге тұрғындар жеткізген ақпарат бойынша, бүгін оны тұратын жерінен полиция қызметкерлері алып кетіпті. Ол тұрған үйін балталап, мүліктерді бүлдіріп, материалдық шығын да келтірген көрінеді.


Бұған дейін бірнеше адам оның үстінен арызданған, қазір саяжай тұрғындары аудандық полиция басқармасына қол жинап, бірігіп арыз жазып жолдамақ ниетте.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.