ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / ПТР тестілері жоқ 32 шетелдік Алматыдан депортация...

ПТР тестілері жоқ 32 шетелдік Алматыдан депортацияланды

Медицина 01.07.2021, 13:43 1,786
ПТР тестілері жоқ 32 шетелдік Алматыдан депортацияланды
Сурет: Tvkrasnodar.ru
Алматыдағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мутацияланған «дельта» штамының анықталуымен күрделене түсуде.

Алматыдағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мутацияланған «дельта» штамының анықталуымен күрделене түсуде.


Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында мегаполистің Халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматыда КВИ-дің таралуын болдырмау жөніндегі штабтың дерегі бойынша 2020 жылдың 6 қазанынан 2021 жылдың 30 маусымына дейін қаланың Халықаралық әуежайына бортында 424 799 жолаушы бар 2935 рейс келген. Оның ішінде COVID-19 теріс нәтижесі бар сертификаттармен - 395 431, вакциналану паспорттарымен - 3836, сертификатсыз 25 532 адам болды.


25500 адам ПТР анализін тапсыру үшін карантиндік стационарға жатқызылды. Түркиядан (37), БАӘ-ден (35), Египеттен (33), Беларуссиядан (5), Украинадан (7), Мальдивтерден (4), Оңтүстік Кореядан (2), Малиден (1), Ресей (1).


Теріс ПТР сынағы сертификаттарының болмауы салдарынан 32 шетелдік азамат Алматы әуежайынан елдеріне қайтарылды.


Еске салсақ, мегаполистегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мутацияланған «дельта» штамының анықталуымен күрделене түсуде. 1 шілдедегі жағдай бойынша, Алматы қаласында коронавирус инфекциясының 74 306 жағдайы тіркелді, оның 57 841-і симптомды, 16 465-ы симптомсыз, 1 993 жағдайы анықталмаған пневмония.


30 маусымда коронавирус инфекциясының 305 жағдайы тіркелді, оның 282-сі симптомды, 23-і симптомсыз. Тәуліктік өсім - 0,4% . Репродуктивті саны - 1,287. 29 маусымдағы жағдай бойынша, зерттелген сынамалардағы үнді штамының үлес салмағы - 78,3%. 


Сондықтан Алматыдағы КВИ-дің таралуын болдырмау жөніндегі штаб қала тұрғындары мен қонақтарын бетперде режимі мен әлеуметтік арақашықтықты қатаң сақтауға, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуға шақырады. Сонымен қатар, әркім өзі мен жақындарының денсаулығын сақтау үшін вакцина алғандары жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.