AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Пропискада тұрған туыс немесе танысымыздың кредиті...

Пропискада тұрған туыс немесе танысымыздың кредитін өтемесе, үйімізге арест қойылатыны рас па?

Әлеумет 15.03.2025, 15:15 1,106
Пропискада тұрған туыс немесе танысымыздың кредитін өтемесе, үйімізге арест қойылатыны рас па?
Сурет: Reportal.ru

Бұл сұрақты көпшілік жиі қояды, әсіресе соңғы уақытта желіде тараған жазбалар мен ақпараттардан кейін. Әсіресе, біреудің қарызы үшін өзіңіздің немесе туысыңыздың үйіне арест қойылатынын естігендер үшін бұл мәселе маңызды болып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Таяуда Мақсұт Таңжарықұлының әлеуметтік желіде жариялаған жазбасы қоғамда үлкен талқыға түсті. Ол өзінің үйінде «пропискада» тұрған адам қарызын өтемесе, үйіне арест қойылатынын айтады. Мұндай сөздер, әрине, үрей туғызады. Алайда, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Ұлттық коллекторлар палатасының бұрынғы төрағасы, қазіргі ҚР Микроқаржы омбудсманы Назгүл Естеусізова бұл жағдайды толық теріске шығарады. Оның айтуынша, «сот орындаушы» ретінде хабарласқан адам заңды әрекет жасамайды. Атап айтқанда, бұл жағдайда сот орындаушысы емес, коллекторлық компанияның өкілі болуы мүмкін, өйткені қарызды өндіріп алу бойынша олар кейде қарыз алушыларды қорқытып-үркітуге тырысады.

Назгүл Естеусізова заңды тұрғыдан түсінік беріп, үйіңізде тіркеуде тұрған адамның қарызы үшін баспананы арестке қою мүмкін емес екенін айтады. Сондықтан, егер сізге қарыз туралы осындай қорқыту хабарламалары келсе, бұл заңбұзушылыққа жатады. Мұндай жағдайда сөйлесудің дәлелін сақтау үшін әңгімелерді аудио немесе видео арқылы тіркеп, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағымдануға болады. Бұл агенттік тексеріс жүргізіп, егер заңбұзушылық анықталса, тиісті айыппұл сала алады.

Борышкердің қарызы тек сот шешімімен ғана мүлкімен өтелетінін ұмытпаңыз. Егер соттың үкімі болса, борышкердің қарызы өз мүлкімен қайтарылуы мүмкін. Алайда бұл жағдайда да арестті тек сот орындаушысы ғана қоюы мүмкін.

Үйдің арестте тұрғанын тексеру үшін Әділет министрлігінің арнайы порталы бар, онда Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы тексеруге болады.

Егер сізге ұқсас жағдай орын алса, қорықпай, заңды түрде әрекет етіңіз және заңсыз әрекеттерге жол бермеңіз!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үйге тіркеу #коллектор #заңбұзушылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);