ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / АЭС: Референдум / Прокуратура референдумға қатысты заңсыздықты анықт...

Прокуратура референдумға қатысты заңсыздықты анықтады

АЭС: Референдум 12.09.2024, 12:52 1,714
Прокуратура референдумға қатысты заңсыздықты анықтады
ortcom.kz
Референдумға дайындықтың алғашқы күндерінен бастап прокуратура органдары қоғамдық пікірді сұрау талаптарын бұзу фактілерін тіркеген.

Референдумға дайындықтың алғашқы күндерінен бастап прокуратура органдары қоғамдық пікірді сұрау талаптарын бұзу фактілерін тіркеген.

Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда республикалық референдумға қатысты заңсыз қоғамдық пікір сұраудың 8 фактісі анықталған.

«Алты жағдайда мұндай сауалнамаларды жеке тұлғалар, ал екі жағдайда заңды тұлғалар Орталық референдум комиссиясын алдын ала ескертпестен жүргізген. Аталған фактілер бойынша прокуратура органдары төрт азамат пен екі заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 120-бабының 3-бөлігіне сәйкес жауапқа тартты, оларға айыппұл салынды. Қалғандарына қатысты заңды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Қадағалау органы сондай-ақ азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің референдумға шығарылған мәселе бойынша өз пікірлерін жиналыстарда, митингтерде, азаматтардың жиындарында, бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт жүргізу кезінде білдіруге құқылы екенін ескертті (ҚР Конституциялық заңының 7-бабы, «Республикалық референдум туралы»).

Жиналыстар мен митингтер Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң шеңберінде ұйымдастырылып, өткізілуі керек.

Бейбіт жиналыстарды өткізу талаптарын сақтамау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.

«Үгіт-насихат кезеңі 2024 жылғы 3 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін (сағат 24:00-ге дейін) жалғасады. Ал референдум алдындағы және референдум күні, яғни 5 және 6 қазанда үгіт-насихатқа тыйым салынады. Конституциялық заңға сәйкес (ҚР «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының 7-бабының 2, 3, 4-тармақтары) барлық үгіттік баспа материалдарында оларды шығарған ұйым, басылған жері және таралымы, сондай-ақ шығаруға жауапты адамдар туралы ақпарат болуы керек. Анонимдік үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады. Үгіттік материалдарды ескерткіштерге, обелисктерге, тарихи, мәдени немесе сәулет құндылығы бар ғимараттар мен құрылыстарға, сондай-ақ дауыс беру орындарына ілуге болмайды», – деп түсіндірді Бас прокуратура.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.