Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Прокуратура мамандары қаңтар оқиғасын тергеу барыс...

Прокуратура мамандары қаңтар оқиғасын тергеу барысына заңсыз араласып жатқандар туралы айтты

Әлеумет 18.07.2022, 10:39 1,188
Прокуратура мамандары қаңтар оқиғасын тергеу барысына заңсыз араласып жатқандар туралы айтты
Сурет: Kstnews.kz

Прокурорлар заңның көрсетілген нормаларын қатаң сақтауға шақырды.


ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасын тергеу барысына қысым көрсетіп жатқандар туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қазіргі уақытта жекелеген адамдар әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңсыз талаптар қойып отыр. Олар қабылданған процестік шешімдермен келіспегендіктен, тергеуге қысым көрсету мақсатында қылмыстық істерді тергеу барысына араласып жатыр», - деді Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде.



Осы орайла ол қылмыстық-процестік заңнаманың талаптарына сәйкес, тергеу әрекеттеріне қатысу бойынша адамдардың нақты тізбесіне рұқсат етілгенін еске салды. Олардың қатарында адвокаттар, қорғаушы тараптың заңды өкілдері, жәбірленушілер бар. Бұл адамдардың прокуратураға да, тергеу сотына да тергеу органының іс-әрекеттеріне өтінішхат немесе шағым беруге құқығы бар.


Бұл тұрғыда Қылмыстық-процестік кодексінде процестік шешімдерге шағым жасаудың нақты тәртібі айқындалған.



«Осыған байланысты қылмыстық процеске қатысушылар мен қорғаушыларды Заңның көрсетілген нормаларын қатаң сақтауға шақырамын. Прокуратура органдары барлық қылмыстық істер бойынша қылмыстық-процеске қатысушылардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етіп отырғанын атап өтемін. Қылмыстық істерді тергеу кезінде құқық қорғау және арнайы органдардың қызметіне араласқаны үшін жауаптылық туралы Бас прокуратура бірнеше рет ескерткенін ерекше айтып өткім келеді. Өзге адамдардың сотқа дейінгі тергеу барысына араласу әрекеті үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық қарастырылған», - деді Бас прокуратураның өкілі.



Бұдан бұрын хабарланғандай, қазіргі кезде арнайы прокурорлардың іс жүргізуінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 53 және терроризм актілеріне қатысты 32 қылмыстық іс бар .


Мемлекеттік объектілерді өрттеу, мүліктерді жою және терроризм актілері Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында жасалғаны белгілі болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#прокурор #заң #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.