AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Прокуратура күніне орай салтанатты жиын өтті

Прокуратура күніне орай салтанатты жиын өтті

Әлеумет 06.12.2023, 08:29 1,103
Прокуратура күніне орай салтанатты жиын өтті
Сурет: Gov.kz

Бүгін Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының прокуратура күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.


Бас Прокурор Берік Асылов бірінші кезекте заңдылық пен әділдікті қорғаған прокуратура органдарының ардагерлеріне алғысын білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап. 



«Бүгін біз кәсіби мерекемізді атап өтіп қана қоймай,  прокуратура саласының іргетасын қалаған  аға буынның бізге қалдырған өшпес ізін бүгінгі мақтан етерлік  тарих екенін мойындаймыз. Бұл Заңға адал қызмет етудің, азаматтардың құқықтарын әділ қорғаудың және  әділеттілік үшін табанды күрестің жауапты да игі  жолы», - деп атап өтті ол.



Сондай-ақ Бас Прокурор Мемлекет басшысының бастамасы бойынша елде жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларға, оның ішінде құқық қорғау тетіктерін нығайту, қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру және кез келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын сақтауға тоқталды.


«Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заңның қабылдануы прокуратураның азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау және қылмыстық процестегі репрессивтілікті төмендету, қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, бизнесті қорғау, заңсыз шығарылған активтерді қайтару және заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөнінде басқа да мәселелері бойынша үйлестіруші рөлін күшейтудегі маңызды қадам болды.


Прокурорлық қадағалау мемлекет пен қоғам өмірінің барлық бағыттарын қамтиды. Күн сайын тексерулер жүргізіледі, заңнама нормаларын сақтау бойынша  мемлекеттік органдардың актілеріне талдау жасалады. Бұзушылықтар анықталған кезде оларды жою және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданады.


Атқарылған жұмыстарды атап өтіп, Берік Асылов әріптестеріне өз қызметтік борыштарына адалдық  танытқандары үшін алғысын білдірді. Ол қоғамның түрлі салаларында азаматтардың құқықтарын қорғаудың  кепілдіктерін одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, Мемлекет басшысының прокуратура органдарының алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне табысты қол жеткізуіне сенім білдірді.


Бас Прокурордың бұйрығымен мінсіз қызметі мен міндеттерін үлгілі орындағаны үшін 450 қызметкер марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#прокуратура #салтанатты жиын #мерекелеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);