AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жақыныңа жанашыр бол! / Профессор Шарман: Коронавируспен бірге ұзақ боламы...

Профессор Шарман: Коронавируспен бірге ұзақ боламыз, сондықтан екпе салдыру және ревакцинациядан өту ұсынылады

Жақыныңа жанашыр бол! 12.11.2021, 12:15 1,971
Профессор Шарман: Коронавируспен бірге ұзақ боламыз, сондықтан екпе салдыру және ревакцинациядан өту ұсынылады
Almaty-akshamy.kz

Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман мегаполисте ЖРВИ-дің өршуі жағдайына қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ғалымның айтуынша, коронавирустық инфекцияның, тұмаудың және ЖРВИ-дің симптомдары ұқсас. Бірақ ковидтің қосымша симптомы – дәм, иіс сезу жоғалуы және ентігудің пайда болуы мүмкін.


- Коронавирустық инфекция ПТР тестілеу арқылы жақсы анықталғаны маңызды. Оның белгілері үшін талдау жасау және кез-келген жағдайда, тіпті коронавирус болмаса да, оқшаулау ұсынылады, - деп кеңес берді профессор А. Шарман.


Профессор тыныс алу және жоғары температура кезінде ауруханаға жату керек екенін атап өтті. КВИ ауыр түрде өтетін қарт адамдардың жағдайын бақылау өте маңызды.


Алмаз Шарман қала тұрғындарын коронавирусқа ғана емес, тұмауға да қарсы белсенді вакциналануға шақырды.


- Мен коронавирусқа, ал жақында тұмауға қарсы егілдім. Бұл екі түрлі инфекция және олардың өзрара сәйкестігі болуы мүмкін. Қос инфекцияның салдары әрқашан ауыр болады, - деді спикер.


Сондай-ақ, ол қазірдің өзінде вакцинацияланған азаматтарға, әсіресе 60 жастан асқан және созылмалы аурулары бар адамдарға коронавирусқа қосымша үдеткіш вакцина алу керектігін түсіндірді.


- Израиль ғалымдары коронавирустық инфекцияға иммундық жауаптың вакцинаның алғашқы екі дозасынан соң 6 айдан кейін төмендейтінін дәлелдеді. Сондықтан ревакцинация ұсынылады. Ол қаншалықты жиі қажет болатыны әлі нақты белгісіз. Ол жыл сайын өтуі мүмкін, мұның бәрі пандемияның қалай болатынына байланысты, - деді А. Шарман.


Профессор коронавирус инфекциясы эндемиялық болғандықтан, бізбен ұзақ уақыт болады деп санайды. Кейде ол тұмау сияқты кішігірім өршиді. Сондықтан мүмкіндігінше көп адамның вакциналануы және ревакцинациядан өтуі өте маңызды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);