Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «PROдвижение: Жас көшбасшылардың идеялар фестивалі...

«PROдвижение: Жас көшбасшылардың идеялар фестивалі»

Әлеумет 18.11.2024, 15:45 794
«PROдвижение: Жас көшбасшылардың идеялар фестивалі»
Суреттерді түсірген Балдырған Айша
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы қолдауымен 17 қараша Халықаралық студенттер күніне арналған ауқымды «Almaty Student’s Week» фестивалі аясында Әуезов ауданы комьюнити орталығы «PROдвижение:...

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы қолдауымен 17 қараша Халықаралық студенттер күніне арналған ауқымды «Almaty Student’s Week» фестивалі аясында Әуезов ауданы комьюнити орталығы «PROдвижение: Жас көшбасшылардың идеялар фестивалін» ұйымдастырды.

 

 Шараның мақсаты — жастардың ұсынатын жаңа, инновациялық жобаларын қарастыру. Студенттер арасында бірлік пен достық атмосферасын қалыптастыру, қоғамда жан-жақты, білімді және белсенді тұлғаларды тәрбиелеу, сондай-ақ жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту және жаңа идеялардың іске асуына ықпал ету.

 

Халықаралық студенттер күніне арналған «PROдвижение: Жас көшбасшылардың идеялар фестивалі» 2024 жылдың 14 қарашасында, сағат 15:00-де Әуезов ауданы комьюнити орталығында өткізілді.  

Шара 3-кезеңнен тұрды. «Jas Mind» атты 1-кезеңде  қатысушы студенттер жастар болашағы туралы өз идеялары мен жобаларын қорғап, оларды басқа қатысушылар мен сарапшылар алдында презентациялады. Жобасы үздік деп танылған командалар алғыс хатпен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. 2-кезеңде қатысушы студент жастарға арналған интеллектуалды куиз ойыны мен кофе-брейк ұйымдастырылды. Ал, шараны қорытындылаған 3-кезеңде танымал әншілердің қатысуымен жастарға арналған  акустикалық кеш өткізілді. Мерекелік атмосфераны ерекше ету үшін іс-шара «Гарри Поттер» стилінде сәнделді. 

Жас көшбасшылардың идеялар фестивалі өте пайдалы әрі жүйелі түрде өте білді. Мысалы, «Jas Mind» кезеңінде қатысушылар өздерінің әлеуметтік, экологиялық және білім беру саласындағы идеяларымен бөлісті. Жобалар арасында жастардың көшбасшылық қабілеттерін арттыруға, жаңа технологияларды енгізуге және қоғамдағы өзгерістерге үлес қосуға арналған тың шешімдер ұсынылды. Қатысушылар мен сарапшылар арасындағы пікір алмасу әрі қарайғы жобалар мен бастамалар үшін жаңа серпін берді. Алдағы уақытта да осындай студенттердің тың жобаларын іске асыруға мүмкіндік беретін іс-шараларды көптеп өткізілмекші.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,465 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,358 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,995 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,192 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.