ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Президенттің діндер көшбасшылары съезінің жабылу р...

Президенттің діндер көшбасшылары съезінің жабылу рәсімінде сөйлеген сөзі жарияланды

Саясат 15.09.2022, 11:06 1,601
Президенттің діндер көшбасшылары съезінің жабылу рәсімінде сөйлеген сөзі жарияланды
Сурет: Akorda.kz
Съезде көптеген салмақты ой, салиқалы пікір айтылды.

Съезде көптеген салмақты ой, салиқалы пікір айтылды.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің жабылу рәсімінде сөйлеген сөзі жарияланды, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


«Аса қадірлі меймандар! Құрметті Съезге қатысушылар! Қазақ жері екі күннен бері түрлі мәдениеттердің сындарлы сұхбат орталығына айналды. Дүние жүзіндегі беделді дінбасылар бір шаңырақтың астына жиналды.


Сіздер барша адамзаттың күш-жігерін ортақ мүддеге жұмылдыру үшін әлемнің әр түкпірінен келіп отырсыздар. Осының өзі дінаралық келісім мен ынтымақтастықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Шын мәнінде, бәріміздің мақсатымыз – бір. Бұл – өркениеттер үндестігін орнату және бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту.


Съезде көптеген салмақты ой, салиқалы пікір айтылды. Оның бәрі біздің үйлесімді әлем құру жолындағы іс-әрекетімізге оң ықпалын тигізеді деп санаймын. Мен алқалы жиынға арнайы келген әлемдік деңгейдегі рухани көшбасшыларға зор алғыс айтамын.


Сондай-ақ, біздің бастамамызға қолдау көрсеткен саясаткерлер мен халықаралық ұйым өкілдеріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Форумды өткізуге белсене атсалысқан дипломаттарға, волонтерлерге, журналистер мен басқа да азаматтарға рақметімді айтқым келеді.


Осы орайда, аса қадірлі Рим Папасы Францискке елімізге тарихи сапармен келгені үшін Қазақстан халқының және жеке өз атымнан тағы да шынайы алғыс білдіремін. Съез жұмысына өзіңіздің белсене қатысуыңыз – біз үшін зор мәртебе. Сіздің әлем жұртшылығына арнаған үндеуіңіз жер жүзіндегі миллиондаған адамға үміт пен сенім сыйлағаны анық», деді мемлекет басшысы.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.