ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Президенттікке кандидаттың мемлекеттік тілді еркін...

Президенттікке кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтайтын комиссия құрылды

Саясат 28.09.2022, 11:30 1,584
Президенттікке кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтайтын комиссия құрылды
Сурет: Lada.kz
Арнайы қаулы қабылданды.

Арнайы қаулы қабылданды.


Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы 20 қарашада өтетін кезектен тыс Президент сайлауына кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтайтын комиссия құру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді жетік меңгеруі ҚР Конституциясының 41-бабы бойынша лингвистикалық комиссияның қаулысымен анықталады. ОСК-ның осы мәселе бойынша құзіреті «ҚР-дағы Сайлау туралы» Конституциялық заңның 54-бабының 2-тармағында көрсетілген. Нақтырақ айтқанда, осы бапқа сәйкес, Конститутцияның 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы Конституциялық кеңестің шешімі бойынша мемлекеттік тілді білудегі кандидаттың біліктілігін анықтау Орталық сайлау комиссиясының шешімімен айқындалады. ҚР Конституциясының 41-бабы 2- тармағын ресми түсіндіру туралы Конституциялық кеңестің 1998 жылғы 9 қазандағы №280 қаулысына сәйкес, ҚР Конституциясының 41-бабы 2-тармағы нормасының мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген бөлігінде «қазақ тілінде сауатты түрде оқиды, жазады, өз ойын қиналмай оңай жеткізеді және көпшілік алдында сөйлей алады» деп айтылған», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман ОСК отырысында.



Оның атап өтуінше, ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілде еркін меңгергенін анықтау ОСК-ның қаулысына сәйкес, құрамы кемінде 5 адамнан құралған мамандар кіретін лингвистикалық комиссияның қорытындысымен айқындалады.



«ОСК-ның ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау рәсімі туралы 2005 жылғы 31 тамыздағы №12/26 арнайы қаулысы бар. ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау үшін бірінші, лингвистикалық комиссия ұсынған тақырып бойынша көлемі 2 беттен аспайтын жазбаша тапсырма жазады. Екінші, лингвистикалық комиссия ұсынған көлемі 3 беттен аспайтын мәтінді оқу. Үшінші, лингвисткалық комиссия ұсынған тақырып бойынша көпшілік алдында 15 минуттан кем емес сөз сөйлеу талап етіледі», - деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,263 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.