AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Президентке қастандық жасамақ болған адвокат 17 жы...

Президентке қастандық жасамақ болған адвокат 17 жылға сотталды

Оқиға 01.10.2022, 04:05 1,138
Президентке қастандық жасамақ болған адвокат 17 жылға сотталды
Сурет: Inform.kz

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты А. атты айыпталушыға үкім шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.




Сот отырысы Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 29-бабына сәйкес жабық өтті.


Үкімге сенсек, А. кінәлі деп танылған және оған мынадай жаза тағайындалған:


- мемлекетке сатқындық жасағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айыру


- бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, Еуразия экономикалық одағының шекарасынан қару алып өткені үшін 9 жылға бас бостандығынан айыру


- бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, атыс қаруын, жарылғыш затты заңсыз сатып алып, тасымалдағаны, сақтағаны үшін 7 жылға соттау


- бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, оқ-дәрі, жарылғыш зат дайындағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айыру


- Қазақстан Президентіне өшігіп, оның өміріне қастандық жасауға дайындалғаны үшін 10 жылға соттау


- терроризм актісіне дайындық жасағаны үшін 10 жыл


- құқық қорғау, арнайы меморган қызметкерлері мен әскерилердің өміріне қастандық жасауға бел буғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айыру


- шағын және аса ірі көлемде есірткі сатып алып, сақтағаны үшін 5 жылға соттау.


Қылмыстық кодекстің 58-бабы 4-бөліміне сай оған жалпы жиыны 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол осы уақытты қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өткізеді.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Қастандық #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);