конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Президент Ұлттық ұлан сарбазын соққыға жыққан кінә...

Президент Ұлттық ұлан сарбазын соққыға жыққан кінәлілерді жазаға тартуды тапсырды

Заң мен тəртіп 25.09.2024, 06:38 2,028
Президент Ұлттық ұлан сарбазын соққыға жыққан кінәлілерді жазаға тартуды тапсырды
akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев пойыздың тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын белгісіз адамдардың соққыға жығылған видеожазбасымен танысып, кінәлілерді жазаға тартуды тапсырды. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Берік Уәлидің айтуынша, Тоқаев ішкі істер министрі Ержан Саденовке құқықбұзушыларды ұстап, қазақстандық заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған.

«Армияда және басқа да күш құрылымдарында орын алған барлық зорлық-зомбылық фактілері Мемлекет басшысының бақылауында. Президент 2 қыркүйектегі Жолдауында жас сарбаздардың денсаулығы мен абыройына нұқсан келтіруді болдырмау қажеттігін атап өтіп, осы мәселеде барлық жауапкершілік әскери бөлімдер командирлеріне жүктелетінін қадап айтты», — деп жазды Уәли.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиға 2023 жылдың күзінде, әскери қызметін аяқтап, запастағы сарбаздар үйлеріне қайтып келе жатқан кезде орын алған.

«23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 440-бабы бойынша "Әскери қызметшілер арасындағы жарғыға сай емес қарым-қатынастарды бұзу" фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Куәгерлер, жәбірленуші және күдіктілер анықталды. Күдіктілерді ұстауға бағытталған шаралар кешені қабылданды. Тергеу Ішкі істер министрінің жеке бақылауында», — делінген мәлімдемеде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #ұлттыұ ұлан #Тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);