AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент Тоқаев Қызылорда облысының әкімі Нәлібае...

Президент Тоқаев Қызылорда облысының әкімі Нәлібаевты қабылдады

Әлеумет 31.08.2022, 09:22 1,264
Президент Тоқаев Қызылорда облысының әкімі Нәлібаевты қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне өңірдегі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуді тапсырды. 


Президентке облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму перспективалары, инвестиция тарту, мұнай қорының сарқылуына байланысты газ өндіру, жаңа геологиялық зерттеу жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Аймақтың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде 7 айдың қорытындысы бойынша оң динамика бар. Атап айтқанда, былтырмен салыстырғанда тартылған инвестициялар көлемі 111,5 пайыз, өндеу өнеркәсібінің көлемі 105,5 пайыз өскен.


Нұрлыбек Нәлібаев мұнай қорының сарқылуы салдарынан мұнай өндіру көлемінің кемуінің орнын толтыру үшін сейсмикалық барлау, газ қорларын игеру жұмыстары қолға алынғанын жеткізді.


Инвесторлармен жұмыс қарқын алып келеді. Президенттің тапсырмасына сәйкес, құны 215 миллиард теңгені құрайтын, қуаты 240 мегаватт жаңа жылу электр орталығы салынып, 2025 жылы тапсырылады. Сонымен қатар жеке инвестор есебінен 11,8 миллиард теңгеге Қызылорда қаласы әуежайының жаңа терминалы 2024 жылы халық игілігіне берілмек.


Облыс әкімі Сырдария өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан мемлекеттер арасындағы келіссөздер нәтижесінде су көлемі былтырғы деңгейден артқанын жеткізді. Аймақта суды аз қажет ететін майлы және жемдік дақылдар алқаптарын ұлғайтуға басымдық беріліп, бақша және көкөніс алқаптарының көлемі көбейген. Сондай-ақ күріш саласын дамытудың жаңа бағдарламасы әзірленбек.


Мемлекет басшысына баяндалған тағы бір мәселе – еңбек дауларын шешу. Аймақтағы ірі 49 кәсіпорынмен меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта қызметкерлердің еңбекақысын кезең-кезеңімен арттыру көзделген.


Биыл облыста 9 мектеп, 1 Оқушылар үйі, 2 балабақша пайдалануға беріліп, 11 дене шынықтыру кешені, 6 мәдени нысанның құрылысы жүріп жатыр.  


Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне өңірдегі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #әкім #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);