AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент Тоқаев Құрылыс кодексіне қол қойды

Президент Тоқаев Құрылыс кодексіне қол қойды

Саясат 09.01.2026, 15:41 542 Дина
Президент Тоқаев Құрылыс кодексіне қол қойды
Сурет: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылыс кодексі мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Екі құжаттың да мәтіні баспасөзде жарияланады.

Естеріңізге салайық, Парламент 29 желтоқсан күні Құрылыс кодексін қабылдап, президенттің қарауына жолдаған. Жаңа кодекс пен оған ілеспе заң аясында құрылыс нарығы субъектілерінің рөлін саралау және нақтылау, отандық ғылымды қолдау және құрылыс туралы шешімдер қабылдау кезінде жұртшылықтың қатысуы көзделген. Сондай-ақ мемлекеттік бақылау жөніндегі шаралар күшейтілді, бұл сапалы қала құрылысын жоспарлау мен құрылысты қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ сейсмикалық қауіпті аумақтардағы құрылыс талаптары күшейтіліп, қала құрылысын жоспарлау кезінде сейсмикалық микроаймақтау карталарын міндетті есепке алу тәртібі енгізіледі. Құрылыс кодексі қажетті инженерлік ізденім жұмысын жүргізбей тұрып жобалық құжаттаманы дайындауға және нысандарды салуға тыйым салады. Егер құрылыстың тығыздығы, ғимараттардың биіктігі немесе әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету нормалары бұзылса, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгеріс енгізуге болмайды.

Жаңа Құрылыс кодексінде цифрландыру мәселелеріне де ерекше назар аударылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Құрылыс кодексі #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);