ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Президент Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің...

Президент Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Элимановты қабылдады

Билік 18.04.2022, 09:20 1,142
Президент Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Элимановты қабылдады
Сурет: Akorda.kz.
Атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалды.

Атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалды.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Президентке Қаржылық мониторинг агенттігінің биылғы бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалды. Атап айтқанда, 552 қылмыстық іс қозғалған. Олардың жартысынан көбі – ауыр және аса ауыр қылмыстар. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактілері бойынша 14 іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Мемлекетке 62 миллиард теңге көлемінде шығын келтірілген. 



Жанат Элимановтың айтуынша, 2021-2023 жылдарға арналған Кешенді жоспар аясында көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Кеден саласында 34 қылмыстық іс қозғалды. Декларацияға енгізілмеген тауарлардың жалпы құны 10 миллиард теңгеден асады.  


Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға бөлінген 20,5 миллиард теңге қаржыны жымқыру фактілеріне қатысты қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны туралы мәлімет берілді.


Агенттік төрағасының айтуынша, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөлінеді. «Тариф» жобасы аясында коммуналдық қызметтер саласындағы тарифтердің негізсіз өсу деректерін анықтау және монополиялардан арылту жұмыстары жалғасуда.


Маңғыстау облысында сұйытылған газды сату кезіндегі алып-сату белгілері бойынша Энергетика министрлігінің, облыс әкімдігінің лауазымды тұлғаларына және электронды сауда алаңдарына қатысты іс тергеп-тексерілуде.


Президенттің тапсырмасы аясында қаржыны Қазақстаннан тыс жерлерге заңсыз жылыстатуға қарсы жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 7 қылмыстық іс тергеліп жатыр және 28 миллион АҚШ доллары бұғатталған.


Мемлекет басшысы Агенттіктің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарының маңызды екенін ерекше атап өтіп, Жанат Элимановқа бизнеске қатысты жүргізіліп жатқан барлық қылмыстық істі тергеп-тексеру кезінде заңдылықтың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Президенттің пікірінше, құқық қорғау және бақылаушы органдар кәсіпкерлердің өтініштеріне жедел назар аударуға және олардың құқығын шектемеуге тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан ерекше қолдау қажет екенін айтты және бұл жерде Қаржылық мониторинг агенттігі маңызды рөл атқарады деп санайды. Құқық қорғау және бақылаушы органдардың ортақ міндеті – экономикамыздың орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін елімізде қолайлы бизнес-орта қалыптастыруға атсалысу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.