ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Президент Тоқаев Польша министрі Збигнев Рауды қаб...

Президент Тоқаев Польша министрі Збигнев Рауды қабылдады

Саясат 02.06.2022, 10:42 1,691
Президент Тоқаев Польша министрі Збигнев Рауды қабылдады
Сурет: Akorda.kz
Министр ризашылығын білдірді.

Министр ризашылығын білдірді.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Польшаның Сыртқы істер министрі Збигнев Рауды қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтарға сапары аясында елімізге келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Польшаның Сыртқы істер министрі Збигнев Рауды қабылдады. 


Қасым-Жомарт Тоқаев Збигнев Рауға ілтипат білдіре отырып, Қазақстанның Польшамен және осы Ұйыммен арадағы ынтымақтастықты нығайту үшін оның бұл сапарының маңызы зор екенін атап өтті.


Сонымен қатар Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдумға дайындық барысы туралы айтып, ЕҚЫҰ-ның осы маңызды шараға баға беру үшін өз Миссиясын жіберу жөніндегі шешімін қолдады. 



«Референдум – еліміздегі маңызды саяси өзгерістер үдерісінің бастамасы. Қазақстанда демократияны ілгерілету жұмыстары үздіксіз жалғаса береді», – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Збигнев Рау Ұйымның әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық бағыттардағы ықпалдастығын жан-жақты талқылады. 
Қазақстан Президенті Польшамен арадағы екіжақты ынтымақтастық жөнінде айта келе, осы елді Орталық Еуропа аймағындағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын жеткізді. «2021 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 12 пайызға артып, 760 миллион долларға жетті.  Өзара сауда-саттықты ұлғайту үшін мүмкіндігіміз мол», – деді Қазақстан көшбасшысы.



Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалады. 



«Менің бағалауым бойынша, алдағы референдум Конституцияға өзгерістер енгізу, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру және нарықтық реформаларды ілгерілету жөніндегі Сіздің күш-жігеріңіз тұрғысынан үлкен серпіліс саналады. Алдағы референдум – оң өзгерістерге жол ашатын саяси ерік-жігердің айрықша белгісі. Сіздің еліңіздегі конституциялық реформалар демократия, бостандық және заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға бағытталғанын атап өткім келеді», – деді поляк дипломаты.



Збигнев Рау еліміздегі діни қауымдастықтар және азаматтық қоғам өкілдерімен өткізген кездесулері туралы мәлімдеді. Сондай-ақ ол ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделіне жоғары баға беріп, Қазақстанда тұратын поляк диаспорасына тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.